Электронды мемлекеттік қызметтер!

Енді «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметіне өтініштер ХҚКО арқылы қабылданатын болады. Осыған сәйкес, азаматтардан құжаттарды қабылдау және қызметті Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Г.Сундетова халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен оқыту семинарын өткізді.