Бизнес бастау

Ағымдағы жылдың сәуір айының 16-нан бастап «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқыту курстарына қабылдау басталды. Курстар кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 6 айға бөлінген. Жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тірккеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді оқуға шақырамыз. Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек. Соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына / ауылдық округ немесе елдімекен әкіміне жүгіне алады. Сонымен бірге, өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі, мекен жай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағаз болу керек. Оқу ұзақтығы 1 ай. Бағдарламаға қатысушыларға шәкірт ақы төленіп , сертификат беріледі. Толық ақпарат алу үшін мына мекен жайға хабарласыңыз: Сейфуллина 17 тел: 4-21-10 арқылы хабарласа аласыз.