Аудандағы сенбілік!

Алға қаласы және ауылдық округтер бойынша 6 мәрте сенбілік жұмыстары өткізіліп, оған жалпы саны 5655 адам қатысып, 43 техника тартылды.Үш айлық санитарлық тазалық жұмыстарының басынан бері, аудан бойынша қоқыстан 93 көше мен 2 саябақ және шағын бақтар тазартылды, 34 ретсіз төгілген үйінділер анықталып, одан 71 тонна және көшелерден 47 тонна қоқыс шығарылды, 21 шағын сәулеттік пішіндер, 51 км автокөлік жолдарының бойларындағы ретсіз қоқыстан тазартылды. Су объектілеріне жақын орналасқан белдеулерде 3,6 км аумақта қоқыстан, кеуіп қалған тал қалдықтарынан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Аудан бойынша абаттандыру Ережесін бұзған заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша 45 ескертулер жасалынып, оның ішінде 2 тұлғаға 108 425 теңге көлемінде айыппұл салынды.