Бүгін «Нұр Отан» партиясы Алға аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Алға аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті.Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының іс-шаралар жаспарына сәйкес Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін іске асыру мақсатында Үндеудің бірінші және бесінші бастамалары «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бойынша Алға аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Расул Қадырбергенов,Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бойынша Алға индустриялық-техникалық колледжінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Қанат Нұрғалиев,Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту» бойынша Алға аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Болатбек Кангужиндер сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша төңірегінде баяндалды.Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттық фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Рита Еркусимова қорытындылады.