ХАБАРЛАНДЫРУ

2018 жылдың 21-маусымы күні таңертеңгі сағат 10.00 де,
аудандық индустриалды-техникалық колледждің ғимаратында
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
өтеді.
Аталған іс-шараның мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін және қызметтерді электронды түрде көрсетудің деңгейін арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін консультативті-әдістемелік көмек беруді қамтамасыз ету.
Жәрмеңкеге ауданның жергілікті атқарушы органдары, аудандық орталық аурухана және аудандық кірістер басқармасының өкілдері қатысады.
Барлық аудан тұрғындарын жәрмеңкеге келуге шақырамыз.
Өтетін орны, уақыты: Алға қаласы, индустриалдық-техникалық колледж.
21- маусым 2018 жыл, сағат 10.00 -13.00.
Ұйымдастырушы: Аудан әкімі аппараты