Пресс-релиз

21 маусым күні «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Ақпараттық жұмыс тобы», Ақтөбе қаласының Құршасай және Жаңақоныс елді мекендерінде кездесулер өткізді. Топ құрамында: облыстық ішкі саясат басқармасы талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Б.С.Айдосов, ардагер әкмдері алқасының мүшесі С.К.Ботағарин, мәдениет саласының ардагері Е.Ж.Құрманбек, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, PhD докторы Т.Ж.Тоқсанбаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ АОФ халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің басшысы С.Қ.Оңғар. Жоба аясында топ мүшелері аталған елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп ҚР Президентінің Жолдауын және 5 әлеуметтік бастама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында елді мекен тұрғындарына ҚР Президентінің Жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасы бойынша әдістемелік құралдар таратылды. Аталған елді мекендердің үздік оқырмандарына облыстық Ақтөбе және Актюбинский вестник газеттеріне тегін жазылуға 27 сертификат табысталды. Тұрғындар тарыпынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.