ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА КӨМЕК

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін
оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» және
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтің тұтынушылары жеке тұлғалар. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды ұсыну қажет:
Протездік-ортопедиялық көмек алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынады.
Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;
2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
Нәтижесі: мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарды алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынады.
Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;
2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
Нәтижесі: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама
Санаторий-курорттық ем алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынады.
Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;
2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
Нәтижесі: санаторий-курорттық емделу ұсынуға еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету және басқада туындаған мәселелері бойынша толық ақпаратты аудан әкімдігі телефон 42086 және Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 41206 сенім телефоны арқылы алуға болады.
Біздің мекен-жайымыз: Алға қ., С. Сейфуллин к-сі 17 үй, 3 кабинет.