МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ.

Ауданға жұмыс сапарымен келген ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р.М.Медетов бастаған топ мүшелері Алға қаласындағы индустриалды-техникалық колледж ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесінің өту барысымен танысты.Жәрмеңке өткізудің басты мақсаты – мемлекеттік органдармен ұсынылатын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы халықты ақпараттандыру, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алуда консультативтік-әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Жәрмеңкеге барлық келушілер мамандардың консультациясын, қызмет түрлері мен алу тәртібі, ЭСҚ туралы ақпарат, Egov.kz «электронды үкімет» порталымен жұмыс істеуге практикалық көмек алды. Жәрмеңкеде мемлекеттік органдардың өкілдері өздерінің көрсететін қызметтеріне қатысты әзірлеген бейнероликтерді де көрсетті.Шараға әр саланың мамандары қатысып, қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, ешқандай пара бермей, тиісті қызметтерді тиімді пайдалану жөнінде де айтылды. Өйткені, пара беру және оны алу қылмыстық іс ретінде қаралады. Сонымен қатар, мұнда 34 жұмыс берушілерден 52 бос жұмыс орындары ұсынылды. "Бизнес бастау" кəсіпкерлік негіздерін оқуға 25 адам жазылды, тұрақты жұмыска 15 жəне уақытша жұмыстарға 23 адам жолданды. Атаулы əлеуметтік көмек бойынша 7 адамға жəне шағын несие бойынша 16 адамға кеңес берілді.Жалпы жәрмеңкеде 200-ден астам адам кеңес алды, сондай-ақ келушілерге әр мемлекеттік органдар өздері көрсетететін қызметтерге қатысты ақпараттық кітапшалар мен жадынамалар таратты.Жәрмеңкеге ауданның жергілікті атқарушы органдары, «Мемлекеттік корпорация», аудандық орталық аурухана және аудандық кірістер басқармасы, пошта байланысының өкілдері қатысты.