Аудан күні аясында!

Ақтөбе қаласында Алға ауданының күндері аясында облыстық С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын Ізтай Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында жасөспірімдер арасында облыстық «Ізтай оқулары-2018» байқауы өткізілді. Байқауға облыстың 7 ауданынан барлығы 22 бала қатысты. Байқауға Ізтай Мәмбетовтің қызы Мәмбетова Жібек Ізтайқызы қатысты. Қатысушылар Ізтай Мәмбетовтың шығармаларын жатқа айтты. Өздеріңізге белгілі Ізтай Мәмбетов (1929-1974ж.ж.) — қазақтың лирик, эпик ақыны, журналист, аудармашы. Ақынның алғашқы жыр жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1955 жылы жарық көрді. Одан кейін «Бақытты балалық», «Сыр», «Табантал», «Өсиет», «Жалын», «Тарланбоз», «Жылы жел», «Ұзақ жыл», т.б. өлең кітаптары, бірнеше дүркін таңдамалысы баспа жүзін көрген. Бірқатар шығармалары туысқан халықтар тіліне тәржімаланған. Лермонтов, Пушкин, Байрон, Блок, Брюсов, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған. Ізтай Мәмбетов ширек ғасырлық ақындық жолында жиырмаға жуық өлең кітап жазып, әлем әдебиеті мен орыс классиктерінің қыруар маржандарын өз ана тіліне аударған іскер азамат ақын. Жиын соңында жүлдегерлерге ноутбук, планшет сынды бағалы сыйлықтар және «Абай жолы» кітабы сыйға тартылды.