Аудан күні! 

Ақтөбе қаласындағы Алға ауданы күндеріне орай «Тахауи Ахтанов» атындағы облыстық драма театрында Алға аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Заманай» халықтық театры жазушы – драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасының желісімен жазылған «Тағдыр тауқіметі» қойылымы көрсетілді. Қойылымда Семей полигонынан зардап шеккен тұтас бір ауылдың тыныс – тіршілігі, полигонның халыққа тигізген қайғы – қасіреті, ядролық жарылыстың қоғамдағы келеңсіз әсерлері туралы баяндалды, басты кейіпкер Ләйланың жарылыстан алған жан жарасы мен тән жарасын қатар негізге ала отырып, оның аянышты тағдырын суреттеді. Қойылымға қатысқандар – Алға аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері.Осы күннің тағы бір көрінісі  студенттер сарайында Алға ауданы әкімінің кубогіне «ЖАЙДАРМАН» ойындары өтті. Осы кешті жүргізу үшін «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен арнайы шақырылды. Шара жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында және талантты жас командалар «Жайдарман» ойындарының негізін қалаушы Есен Елеукеннен аз да болса сабақ алсын деген мақсатпен ұйымдастырылып отыр. Жайдарман ойындарына барлығы 10 команда қатысты. 1 команда Қостанай облысынан және 9 команда облыстан қатысты. Бас жүлдені иеленген "Сөз жоқ" командасына – 150 мың теңге, екінші орын "Дежавью" командасына 100 мың теңге, үшінші орын "Жаңа ғасыр Қостанай" командасына 50 мың теңге қаржылай сыйлықтар берілді.