Аудан күні аясында ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі!

"Туған жерім-нұрлы елім!" атты Ақтөбе қаласындағы Алға ауданының күндері бүгін "Табыс" коммуналдық базарында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесімен басталды. Сағат сегізден бастап базар сөрелерін толтырып, нарық бағасынан әлде қайда арзан ірі қараның еттеріне қала тұрғындары қол жеткізді. Жәрмеңкеде 4,5 тонна ет өнімдері (сиыр еті, қой еті, шошқа еті, құс еті), 3 тонна көкөніс және сүт өнімдерінің түрлері (қаймақ, май, құрт, сүт) сатылымға қойылды. Аталған жәрмеңкеге барлығы 31 жеке шаруашылық өнімдері сатылды. Шара соңы мерекелік концертпен ұласты.