"Туған жерім-нұрлы елім! Аудан күні!

"Туған жерім-нұрлы елім!" атты Ақтөбе қаласындағы Алға ауданының күндері аясында Өнер Академиясынан бастау алған веложарысқа 50 адам қатысты. Мәре сызығы ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы деп бекітілді. Жалпы қашықтық 7 км. Жарыс соңында веложарысқа қатысушылар арасында лоторея ойнатылды. Жеңімпазға басты ұтыс қоры – велосипед тарту етілді және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында стритболдан және таэквондодан жарыстар өткізілуде. Стритболға барлығы 15 команда қатысса, таэквондо жарысына 60-75 адам қатысуда. Таэквондо жарысының басты төрешісі Д.Сүлейменов.