11 тамыз күні «Атыңнан айналайын-Алға деген» атты гала концерті.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында Ақтөбе қаласындағы Алға күндерінің қонақтарының назарына Алға ауданы өнерпаздарының «Атыңнан айналайын Алға деген» гала концерті өтті. Гала концертке Алға ауданынан ең алғаш құрылған «Аллажар» халықтық отбасылық –ансамблі, көптеген облыстық, республикалық ән байқауларының жеңімпаздары «Ақжол», «Достар» квартеттері бастаған аудан өнерпаздарымен қатар, әнші – сазгер Бибігүл Сейітова, облысқа танымал күйші Асылбек Кенегес қатысты.Шара барысында аудан əкімі Ақтөбеде аудан күнінің өтуіне арнайы келіп ат салысқаны үшін Республикалық трансплантация үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиевқа, Ізтай Мəмбетовтың қызы Мəмбетова Жібек Ізтайқызына, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукенге алғыс хат пен сыйлықтар табыстап, екі күнге созылған аудан күні өз мәресіне жетті. 11.08.2018ж.