"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 01 маусым мен 15 тамыз айы аралығында Алға қаласының №1 мектеп бақшасында, №3 Алға қазақ орта мектебі, №5 Алға индустриалдық техникалық колледжінде қала тұрғындарының арасында сауаттылығын арттырудан 615 адам курстан өтті. (Жоспар бойынша 570 адам) Оның ішінде жұмыссыздар, зейнеткерлер, үй шаруасындағылар, ардагерлер, мүгедектер қоғамынан тыңдаушылар қатысты. Бүгінгі таңда Алға қаласының әкімі Нұрбол Есенкелдіұлы Сурбаев пен Алға индустриалдық техникалық колледжінің мұғалімі Наталья Геннадьевна Клименко цифрлық сауаттылығын арттыру курсын бітіргендерге сертификат табыс етті.