Алға мектеп гимназиясында «Сәлем саған алтын ұя мектебім!»

Бүгін аудан əкімі Нағымжан АлдияровАлға мектеп гимназиясында «Сәлем саған алтын ұя мектебім!»атты алғашқы қоңырауға қатысты. Жиынға сондай-ақ, Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нурлан Жеткергенұлы Кунтуов, «Ербақыт» бірлестігінің төрағасы Марат Айтуганұлы Қойлыбаев, облыстық мəслихат депутаты Ғалымжан Мұхтарұлы Латыпов, «Бабек-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс компаниясының өкілі Азизов Наиб Хазайыроглықатысып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге Елбасының «Менің Отаным- Қазақстан» атты кітабын сыйға тарту етті. «Бабек-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс компаниясының өкілі Азизов Наиб ХазайыроглыАлға мектеп гимназиясының кілтін мектеп гимназия директоры Гульмира Абдигалиқызына табыстады. Салтанатты шара музыкалық концертпен, флешмобпен жалғасын тапты.Естеріңізге сала кетейік облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Алға қаласында жаңадан салынған 600 орындық мектеп-интернатын ағымдағы жылдың 24 тамызында ашқан болатын. Бұл мектеп-гимназиясы Тәуелсіздік алғаннан бері 27 жыл ішінде Алға қаласында ашылған алғашқы білім ордасы. Оның алдында ашылған 1176 орындық № 4 Алға орта мектебі 1987 жылы пайдалануға берілген. Одан соң, араға 31 жыл уақыт салып жаңа мектеп ашылып, «гимназия» аталып отыр.Жаңа білім ғимаратының құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания - «Бәбек-Курылыс» ЖШС. Жаңа мектеп-гимназияда барлығы 35 кабинет бар. Оның ішінде жаңа модификациялық кабинеттері: физика кабинеті - 2, химия кабинеті - 2, биология кабинеті - 1, мультимедия кабинеті – 6, информатика кабинеті – 4. Мектеп-гимназия 7 интерактивтік тақта, 167 компьютермен жабдықталған. Жоғары жылдамдықты хит оптима интернет желісімен және радио жүйесімен қамтылған.Мектеп-гимназияның акт залының сыйымдылығы-200 орындық. 150– орындық асхана. Кітапханасы медиатекамен қамтылған. 2 спорт залы қарастырылған. Спорт алаңы жасақталған: футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, ұзындыққа, биіктікке секіру алаңдары, спорттық снарядтар лақтыру алаңы, 2 жаттығу алаңы және жүгіру жолы салынған.