Алға аудандық индустриалды-техникалық колледжі

«Алға индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК
Құрылу жылы: 1977 ж.
Меншік нысаны: мемлекеттік.
Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Алға қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 20 үй .
Телефон: 8 (71337) 4-24-12
Оқыту нысаны:күндізгі
Тарихы:1995 жылы Алға қаласында №16 КТУ және №2 КТУ біріктіріліп, кәсіптік және техникалық білім беру мекемесі құрылды. 1997 жылы Алға қалалық №2 КТМ, 2002 жылы №2 КМ болып қайта құрылды. Алға училищесінде еліміздің кәсіпорындары үшін 20 000 астам жас білікті мамандар даярланды. Училищенің көптеген түлектері жаңашыл және озат мамандар болып шықты. Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен «№5 Алға кәсіптік-техникалық лицейі» мемлекеттік мекемесі 21.12.2004 жылы №380 бұйрығымен «№5 Алға кәсіптік лицейі», 10.07.2012 жылы №240 қаулысымен «Алға индустриялық-техникалық колледжі» МКҚМ болып өзгертілді.
Білім алушылар контингенті – 262 адам (күндізгі бөлімде – 262 адам).
Қабылданғаны – адам, мемлекеттік тапсырыс бойынша – 90 адам.
Түлектер – 137 адам, мемлекеттік тапсырыс бойынша – 137 адам.
Жұмысқа орналасу: 78% (ЗТМО мәліметі бойынша – 78%).
Педагог қызметкерлер – 48 адам.
Педагогикалық құрамның сапасы: жоғары категория- 5(10,4%)
бірінші категория- 10(20,8%)
магистр саны – 1 (2%)
7 мамандық бойынша мамандар даярланады:
1. Фермер шаруашылығы (біліктілігі: «Аспаз», «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисті», Машинамен сиыр сауу операторы»);
2. Дәнекерлеу ісі (біліктілігі: «Электргазбендәнекерлеуші»);
3. Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану (біліктілігі: «Тас қалаушы»);
4. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
(біліктілігі: «Автокөлікті жөндейтін слесарь»);
5. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу (біліктілігі: «Тігінші»)
6. Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану
(біліктілігі: « Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары»);
7.Өндірістегі электромеханикалық жабдықтар (біліктілігі: «Электржабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электромонтер»).
Материалдық- техникалық база: Жалпы көлемі - 7078 кв.м (оқыту көлемі – 3830,7), 500 оқушылық орынды.
Алға индустриялық-техникалық колледжі ғимараты типтік оқу-өндірістік кешенді 2 корпустан тұрады (8 оқу кабинеті, 10 зертхана, 1 шеберхана, 1 интерактивті құрылғы жиынтығы, 8 мультимедиалық құрылғы, химия,физика кабинеті, 2 компьютер класы).
Мәселе: Арнайы пәндер бойынша мемлекеттік тілде оқу және оқу-әдістемелік құралдарының жетіспеушілігі.