Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік–экономикалық дамуының негізі.

Бестамақ ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Ағымдағы жылдың маусым, шілде айларында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде ауыл тұрғындарын ақысыз цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында төрт бағыт бойынша оқыту курстары жүргізілді. Бұл оқудың негізгі мақсаты халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру және электрондық қызметтерді, ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Елбасының алға қойған міндетін орындау мақсатында елді мекендерде тұратын азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алуға қолжетімділігін арттыру және қызмет алуды біртабан жеңілдету аясында ауылдық округі әкімшілігінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылып, картридерлер орнатылды. Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы «Мекенжай анықтамасын беру», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Жеке зейнетақы шотынан үзінді алу» және де басқа қызметтер бойынша қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар мәдениет үйіндегі «Coworking» орталығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін «Мобильдік аймақ» қызмет жасайды.
«Электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйрету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.