Аудан әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауы туралы активі өтті

Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жариялаған болатын.
Бұл Жолдау 6 бағытқа бөлініп, халықтың табысы мен тұрмысын арттыру мақсатында бірнеше игі жолдар қарастырылған:
I. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ
II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ
V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ
VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ
I. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ, оның ішінде, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін жоғарылауы. Енді, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Біздің ауданымызда ең төмен жалақы алатын 264 адамның жалақысы жалпы есеппен 11,0 млн.теңгеге дейін көбейеді.
1. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуы. Бұл ретте кәсіпкерлік бөлімі бағдарлама бойынша жұмыстарды жандандырып, оның механизмдерін толықтай пайдалану мүмкіндіктерін жеткізуі қажет. Өйткені бизнестің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылып, сәйкесінше тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жоғарылауы мен қосымша салықтық түсімдермен тығыз байланысты.
2. Бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату.
3. Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғау.Негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес, яғни «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұру. Өкінішке орай, ауданымызда «жалақыны конвертте беру» бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл дегеніміз, жұмысшының құқығын шектеу. Мұндай жұмыскерге жұмыс өтілі де (стаж), зейнетақы жарнасы да жүргізілмейді. Жұмыста болған аппаттық жағдайлар үшін де материалдық шығын өтелмейді, себебі еңбек келісімшарты жоқ. Бұл мәселені аудандық жұмыспен қамту бөлімі мен кәсіпкерлік және салық басқармасы біріккен түрде жұмыс берушіге де жұмысшыға да жете түсіндіруі қажет. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер басқармасы «салықтық амнистия» механизмін кәсіпкерлерге егжей-тегжейлі түсіндіруі қажет.
4. Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс.
5. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастыру жоспарлануда. Сол себепті аудандық ауылшаруашылығы бөлімі ауданның СПК-ның жұмысын жандандыру үшін осы тетікті тиімді пайдалануды қарастыруы қажет. Шаруашылығы тоқтап тұрған ауыл кәсіпкерлерін бизнесті жүргізудің жаңа үрдістерін үйретуді қамтамасыз етуі қажет.
6. Инновациялық және сервистік секторларды дамыту.
7. Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Жолдаудың екінші бөлімі толығымен әлеуметтік салаларға бағытталған. Білім, ғылым, денсаулық салаларына бөлінетін қаражаттардың арта түсетіні қарастырылған. Сәйкесінше, бұл сала мамандарынан сұраныс пен талаптардың да күшейтілетіні анық. Сондақтан ауданымыздың медицина қызметкерлері мен педагог мамандары жаңа технология мен цифровизация заманында әрдайым жаңа үрдістер мен өзгерстерге бейім болуы керек. Елбасымен берілген 8 тапсырманың бесеуі білім саласына қатысты. Білім бөлімінің басшысы, мектепке дейінгі білім берудегі жаңа модельге енудің және орталық аурухана басшылығы өз саласында көрсетілетін қызметтердің сапалы болуын, яғни әлеуметтік желілерде жиі айтылатын негативті пікірлер санын азайту үшін тұрғындардың жергілікті медицинаға деген сенімін арттыру мақсатында жұмыстарды күшейтуі қажет.
1. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу.
2. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту.
3. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн.
4. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын.
5. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі.
6. Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады.
7. Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет.
8. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз.
III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы.
1. Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй. «7-20-25» бағдарламасы.
2. Еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету.Инфрақұрылым, көлік логистикасы.
3. Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет.
4. Сот жүйесін одан әрі жаңғырту.
IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ
1. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру.
2. Осы күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу.
3. Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады.
4. Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту қажет.
5. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін реформалардың жүргізілуіне бақылау механизмдерін күшейту қажет.
V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ
VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ
Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.
Құрметті, жиынға қатысушылар!
Өздеріңіз байқағандай, Елбасымыздың кезекті Жолдауы басым көпшілігі халықтың тұрмысын жақсартуға және әлеуметтік салаға бағытталған.Оның ішінде, 2019 жылды Елбасымыз «Жастар жылы» деп атауды ұсынған болатын. Бұл, әрине, қолдауға тұрарлық. Біз қашанда Елбасымыздың сындарлы саясатын, игі бастамаларын қолдаймыз және жүзеге асыру аясында аянбай еңбек етеміз.
Бүгінгі жиналып отырған мақсатымыз да 5 қазан күні теледидарлар арқылы жарияланған Елбасының кезекті жолдауын талқылап, танысып, ауылдық округтерде тұратын өзге де тұрғындарға таныстыру.
Бүгінгі жиналыс өз мақсаты мен мәресіне жетті деп ойлаймын. Елбасының Жодауынәрі қарай жеткізу, түсіндіру, бүгінгі жиынға қатысып отырған әрбір азаматтың міндеті.Сондықтан бұл жұмысты біз әрі қарай жалғастыратын боламыз.
Баршаңызға рахмет!