Базалық зейнетақы жойылмайды!

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева қазіргі уақытта зейнетақы төлемдерінің екі көзден; мемлекеттік бюджеттен (базалық және ортақ зейнетақылар) және БЖЗҚ-дағы азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарынан төленетінін хабарлады. Сондай-ақ, ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес ортақ зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар тұлғалардың алтындығы атап өтілді. Сәйкесінше, 2040 жылдары зейнетке шығатын, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілдері жоқ азаматтар мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мен БЖЗҚ-ғы жеке зейнетақы шотындағы жинақтарға иек арта алады.
Осылайша БЖЗҚ басшысы зейнетақы төлемдерін тұрақты аудару арқылы жеке зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызды әрі қажетті екендігін баса атап өтті. Бұл ретте базалық құрамдауыштың жойылғаны жөнінде ешқандай әңгіме болған жоқ.Сәйкесінше бюджеттен тағайындалатын базалық зейнетақының 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақытына тәуелді болатыны атап көрсетілді.
Бұдан бөлек, мемлекет салымшылардың БЖЗҚ шоттарындағы міндетті зейнетақы жинақтарының сақталуы үшін жауапкершілікті мойнына алады. ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5 бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін зейнетақы төлемдеріне құқығын алу сәтіне инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген сомалар мөлшерінде кепілдік береді.
Осылайша «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы базалық зейнетақының жойылуы және « зейнетақы сыйақысы үшін жауапкершіліктен мемлекет бас тартады» деген мәлімдеме жасады деген бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын хабарлаймыз.