19- қазан "Құтқарушылар күні"

19 қазан "Құтқарушылар күніне" орай Алға қаласы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастырылуымен шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 6 команда қатысты:1) Алға ауданының өрт сөндіру бөлімі2) Алға ауданының әкімшілігі3) Алға ауданының Ішкі істер бөлімі4) Мемлекеттік мекемелер арасынан құрылған құрама командасы5) Мұғалжар ауданының өрт сөндіру бөлімі6) Байғанин ауданының өрт сөндіру бөлімі.Жарыс барысында командаларының ойыншылары спорттық шеберлік көрсеттіп, басымдық танытты. Іс-шара мақсаты - мекеме қызметкерлері мен құтқарушылар арасында спорттық жаттығуларға қатыстыру, жан-жақты дене шынықтыру дайындығын жоғарылату, моральді-ерікті сапа қызметін арттыру болып табылады. Жарыс соңында үздік жеңімпаз командалар мен қатар "үздік шабуылшы", "үздік қақпашы", "үздік қорғаушы" номенациялары бойынша марапатталды. Осы сайыстың кеш қоңағы болып, мараппатау салтанатына Ақтөбе облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д.Ермағамбетов, Алға балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Б. Бахытов қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша: 1 орын Алға ауданының өрт сөндіру бөлімі,2 орын Алға ауданының әкімшілігі 3 орын Мемлекеттік мекемелер арасынан құрылған құрама командасы иеленді.