Мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірігіп eGov.kz порталында «Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру» атты жаңа қызмет көрсетіле бастағаны туралы хабарлайды.
Енді жылжымайтын мүлік иесінің баспанада тіркелген тұлғалар туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Бұл дегеніңіз, пәтер/үй иесі оның пәтерінде/үйінде тіркелген барлық тұлғалар туралы ақпаратты бір анықтама арқылы алады деген мағынаны білдіреді.
Аталған қызметті пайдалану үшін түрғын үй иесі eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік – Тұрғын үй қатынастары» бөлімінде қызметті таңдап, оған тапсырыс береді, кейін көрсетілген тізімнен жылжымайтын мүліктің тиісті объектісін тауып, SMS-пароль немесе ЭЦҚ арқылы тапсырысын растайды.
Таңдалған жылжымайтын объектісі бойынша тіркелген жеке тұлғалардың тізімі қоса берілген мекенжай анықтамасы тапсырыс берілген қызмет түрінің нәтижесі болып табылады.Қызмет тегін көрсетіледі, қызмет көрсету уақыты 15 минуттан аспайды.