Қоғамдық тыңдау өтті

Бестамақ ауылында аудан әкімі Нағымжан Алдияровтың, "КазАвтоЖол" ҰҚ АОФ-ның директоры Марат Махамбетовтың, "Казахавтодор" ЖШС-нің директоры Әкімжан Өтемұратовтың, Азия Даму банкінің өкілдері Аида Сатылғанова, Заруни Харуния, Қанат Сердалиев, Малика Бабатжанованың қатысуымен Ақтөбе-Қандыағаш (11-100) автомобильдік жолын қайта жаңғырту жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Шараға сондай-ақ, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысты. Қолданыстағы "Ақтөбе-Қандыағаш" трассасы 1960-1970 жылдары салынған II / III санатты республикалық маңызы бар екі жолақты жол. Жолдарды қалпына келтіру мақсаты жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шығынын төмендетуге, Қазақстанды халықаралық дәліздермен ең жақсы байланыспен қамтамасыз ету және өңірлік сауданы дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Қазіргі уақытта жұмыс жобасы аяқталды және ұлттық мемлекеттік сараптамамен келісілді. Жоба Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы, Алға және Мұғалжар аудандарында орналасқан. Жобаның көп бөлігі жартылай шөлді аймақ арқылы өтеді. Жобаны дайындау кезеңінде жақын маңдағы ауылдарға ықпалын азайтуға бағытталған бірнеше нұсқалар қаралды, атап айтқанда, екі айналма жол Алға және Қандыағаш қалаларына әсерін тигізбеуге бағытталған. Географиялық орналасуына байланысты Бестамақ ауылының маңайында айналу мүмкін емес, бір жағында өзен, ал теміржол - өзеннің екінші жағында орналасқан. Бұл учаскеге арнайы техникалық параметрлер қолданылған, атап айтқанда, жылдамдықты төмендетіп жүру. Автомобиль жолының құрылысы аяқталғаннан кейін, ені 0,5 метр болатын екі жақ жиекке тосқауылдар, одан кейін тосқауылдық қоршау, жарықтандыру тіректерін салады. Тексеру барысында ұсынылған ақпаратқа сәйкес тротуарлар тұрмыстық қоршаулардан кем дегенде 2 метр қашықтықта орналасады. 2018 жылдың қарашасында қоғамдық тыңдаулар алдында Бестамақ ауылында ауыл тұрғындары үшін автожолды визуализациялауға арналған ілгіштер орнатылды. Жоба 20 қосылыстарды, сондай-ақ бағдаршамдары бар үш қиылыстарды қамтиды. 9 көпір, 4 жол өтпесі, мал айдауға арналған 15 жерасты өткел, павильондармен 18 автобус аялдамасы, 8 демалыс орнын қамтиды. Аталған жобаның 2019 жылы басталуы күтілуде. Есептік ұзақтығы - 36 айды құрайды.