Хабарландыру!

2018 жылғы 22 қарашада, сағат 14:00 мен 17:00 аралығында, Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, №12, "НҰРОТАН" партиясының ғимаратында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен коммуналдық саланың мәселелері бойынша, оның ішінде электр, су, газ, жылумен жабдықтау бойынша реттелетін қызметтерді беру және техникалық шарттар беру сұрақтары және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі.