Электрондық қызметтерді насихаттау!

Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымы электрондық қызметтерді насихаттау мақсатында семинар өткізді. Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде және Алға аудандық жұмыспен қамту орталығында болып мемлекеттік қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға түрлі кеңес беріп, электрондық- цифрлық қолтаңбаны қалай қолдану керектігін көрсетті. Азаматтар кең тараған анықтамаларды электрондық үкімет порталы арқылы өз беттерінше алуға үйренді.
Қазіргі таңда ХҚО-ның ұжымы халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында мектептерге, ірі сауда орталықтарына, жергілікті атқарушы органдарға барып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы арқылы алудың тиімділігін түсіндіріп келеді.