Хабарландыру!

Құрметті аудан тұрғындары!
2018 жылдың 7 -желтоқсан күні сағат 15.00де аудандық индустриалды-техникалық колледждің ғимаратында МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР және БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ өтеді. Аталған іс-шараның мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін және қызметтерді электронды түрде көрсетудің деңгейін арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін консультативті-әдістемелік көмек беруді қамтамасыз ету және бос жұмыс орындарына шақыру.
Жәрмеңкеге ауданның жергілікті атқарушы органдары, аудандық орталық аурухана және аудандық кірістер басқармасының өкілдері қатысады.
Барлық аудан тұрғындарын жәрмеңкеге келуге шақырамыз.
Өтетін орны, уақыты: Алға қаласы, индустриалдық-техникалық колледж.
7 желтоқсан 2018 жыл, сағат 15.00 -17.00.
Ұйымдастырушы: Аудан әкімі аппараты