«ПАРЫЗ» конкурсы туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі «Бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақ­стан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 01 тамыздағы №873 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2019» конкурсын ұйымдастыру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:
шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі және мынадай номинациялар бойынша беріледі:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадр­ларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинацисында еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдай­ларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады»;
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында Қазақ­стан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады».
Материалдардың құрамында:
1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі, DVD дискілердегі материалдар, альбомдар, брошюралар, басқа да қосымша құжаттар болуы мүмкін).
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурс­ты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, өтінімдерді беру мерзімі - 2014 жылдың 1 қазанына дейін, материалдар қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады.
Мекен-жайы: Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, 17 үй, Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2 каб. тел. 41152.
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі