БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫАблайхан Оспанов Ақтөбедегі ХҚО жұмысымен танысты

Ақтөбе қаласында іс-сапармен болған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі вице - министрі Аблайхан Оспанов Цифрландыру күніне орай ұйымдастырылған IT-форумнан кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева министрді қаладағы мамандандырылған ХҚО-да және фронт-офистердің жұмысымен таныстырып, азаматтардың электрондық қызметтерді пайдалануында оң динамика байқалатынын айтты.
Айта кетейік, орталық фронт-офис күніне ақтөбеліктерге 2000-ға жуық қызмет көрсетеді, оның жартысынан көбін тұрғындар электрондық форматта алады. Жыл басынан бері мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалымен 880 мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның 574 мыңын қала тұрғындары өз бетінше «Connection point» секторы арқылы алған. Сондай-ақ, есепті мерзімде ақтөбеліктерге 289 мыңнан аса ЭЦҚ рәсімделіп, мобильді азаматтар базасында тіркелгендер саны 300 мыңнан асты.
Сапар барысында Аблайхан Оспанов мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жоғарылату бағытындабірқатар нақты тапсырмалар берді