Ж А Д Ы Н А М А

Сізге қатысты азаматтық хал актілерінде /туу туралы, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу және т.б./ақпараттық жүйелерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда түзетулер енгізу үшін төменде көрсетілген тәртіппен өтініш бере аласыз:
- Электронды – сандық қол таңбаңызбен «Электронды Үкімет» порталындағы «жеке кабинетіңіз» арқылы /акт жазбаларының өзектілігін тексеру сервисі қарастырылған/;
- Тұрғылықты жеріңіз бойынша азаматтарға арналған Мемлекеттік корпорация /ХҚКО/ арқылы;
-Тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдіктердің азаматтық хат актілерін тіркеу бөлімдері арқылы;
- Жергілікті әділет департаменттері арқылы.
2. «АХАЖ» АЖ-де туылған балаға да, ата-анасына да ЖСН енгізу қажет. Бала мен ата-анасының аты-жөндерін барлық мағынада тексеру қажет. Мысалы, туу туралы акт жазбада баланың аты-жөні қазақ тілінде «Ердәулетов Тілеген» болса, «Ердәулетов Тлеген», «Ердәулет Тілеген», «Ердаулет Тилеген», «Ердаулетов Тлеген» деп барлық түрін тексеріп, ЖСН анықтау қажет;
3. «АХАЖ» АЖ арқылы «неке қию», «неке бұзу», «тегін, атын, әкесінің атын өзгерту», "қайтыс болу" бағандарында азаматтардың аты-жөндерін тексеріп, ЖСН анықтау қажет;
4. Министрлікпен Excel форматында қосымшаға сәйкес берілген актілік жазбалар түрі бойынша нәтижесі туралы белгі қою қажет (өзектендірілді немесе егер, өзектендірілмесе, себебін көрсету қажет. Мысалы, 1) балаға ЖСН берілді, ал ата-анасының туған күндері акт жазбада толық көрсетілмеген; 2) ЖТ МДҚ-да ЖСН табылған жоқ, шет елге қоныс аударған; 3) статусы «қайтыс болған» және т.б.).
5. Мүмкіндігінше, көші-қон органдарымен бірлесе жұмыс жасап, ЖСН анықтау қажет;
6. Мектептерден балалар мен ата-аналары туралы мәліметтерді сұрату арқылы тығыз жұмыс жасау;
7. Зейнетақы тағайындау орталықтарымен азаматтардың ЖСН анықтау бойынша тығыз қарым-қатынас орнату қажет.