Құрметті Алға ауданының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі тапсырмасының негізінде 2019 жылдың 21 қарашасында Біріңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасының өткізілуіне сәйкес, Алға ауданының әкімі М.Аққағазов азаматтарды қабылдау жүргізеді. Қабылдауға аудандық маслихат хатшысы Б.Жұмабаев, аудандық Нұр Отан партиясы төрағасының орынбасары М.Джалғасбаев, аудандық сот төрағасы И.Муратканов, аудан прокуроры Р.Уразтаев, аудандық полиция бөлімінің басшысынын м.а. Д.Бекжан, сондай – ақ қажетіне байланысты бөлім және мекеме басшылары қатысады.
Өткізілетін уақыты және орны: 21 қараша жергілікті уақыт 10:00-де Алға қаласы, №5 шағын аудан, №4 мекенжайында орналасқан аудандық әкімдік ғимаратының 1 қабаты, «Open Space» кабинеті. Байланыс телефоны: 8(71337)4-22-52