«Архивтік аны·тамалар, архивтік ··жаттарды· к·шірмелерін немесе архивтік ·зінділер беру» мемлекеттік ·ызметін ж·зеге асыру

Мемлекеттік көрсетілтін қызметтердің халық үшін қолжетімді болуы, оның сапалы орындалуы, атқарылып отырған жұмыстардың жариялығы мемлекет тарапынан қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Архив саласының басым бағыттарының бірі - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін жүзеге асыру. Аталған қызметтің нормативтік базасы болып «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары танылады.
Архив саласының мамандары бұл қызметті жүзеге асыруда Заң және стандарт талаптарына сәйкес, келіп түскен өтініштердің тіркелуін және олардың мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алған. Себебі, сұраныстарды орындау - архивтегі ең жауапты қызметтердің бірі болып саналады. Сонымен қатар архивтен алынған анықтамалар, расталған құжаттар көшірмелері мен алынған архивтік үзінділер азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау үшін қажет.
Қазақстан Республикасында және жақын шетелдерде жаңа заң актілері мен нормативтік – құқықтық актілердің қабылдануы азаматтардың өтініштері санының көбеюіне ғана емес, әлеуметтік – құқықтық сұраныстардың жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Еңбек өтілін растау, жалақы мөлшері мен зейнетақы төлемдерін аудару, білімін растау туралы дәстүрлі сұраныстармен қатар ірі өндіріс орындарында зиянды заттармен жұмыс істеу, мекемелер мен ұйымдар атауларын ауыстыру, аудан, қала әкімдерінің шешім,өкім,қаулылары, нотариалдық кеңсе құжаттары бойынша, тұрғын үй коммуналдық жекешелендіру келісімшарттары мен құжаттары,шаруашылық кітаптарынан отбасы мүшелерін анықтау сияқты сұраныстар қатары көбеюде.
Қазіргі таңда жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен сұраныстар саны алғашқы жылдармен салыстырғанда жылдан жылға артып келеді. Тек үстіміздегі жылдың 9 айында, яғни 2019 жылдың 3 тоқсанында аудандық архив мекемесіне жеке және заңды тұлғалардан 521 әлеуметтік құқықтық сипаттағы сұраныс түсті. Солардың ішінде алыс-жақын шетел мемлекеттерінен 136 сұраныс қаралды.
Архив қорының сараланып, іріктеліп жинақталуы, әрбір сұраныстардың орындалуы үлкен ізденіс пен шыдамды еңбектің нәтижесінде жүзеге асырылады.Әрбір сұраныстың артында адам тағдыры тұрғандығын сезінгендіктен, жұмыстардың орындалуы рухани,кәсіби қанағаттанарлық сезімін тудырады.