Достар жыл сайын көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру қажет екенін білесіз.

Темір тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзімі қашан аяқталатынын білу үшін egov mobile қосымшасын пайдаланып көріңіз.
Egov mobile қосымшасын жүктеп, ЭЦҚ-мен немесе бірретік құпиясөз арқылы кіріңіз;Қосымшадағы «Көлік жүргізу және транспорт» бөлімінен «Техникалық тексерістен өту мерзімін қарау» қызметін таңдаңыз;Әрі қарай жүйе көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізуіңізді сұрайды.Қажетті мәліметтер толтырылған соң жауап бірден беріледі. Бәрі өте оңай болса, пайдалы ақпаратты достарыңызбен бөлісіңіз