Тұрғын үй-коомуналдық шаруашылығын жаңғырту

«2011-2020 жылдарға ТҮКШ модернизациялау» бағдарламасы бойынша
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы» аясында Алға ауданы бойынша 10 көп қабатты тұрғын үйлердің (Алға қаласында А.Байтұрсынов көшесі №17, №17А, А.Иманов көшесі №65, №67, Ш.Уәлиханов көшесі №21, Р.Айымбаев көшесі №21, А.Байтұрсынов көшесі №13, 18 үйлер, Бестамақ ауылында Есет-батыр көшесі №74, Бөгенбай-батыр көшесі №62 үйлер) құжаттары даярлануда.
Соның ішінде, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоспарланған көп қабатты үйлер тұрғындарының 2/3 бөлігінің келісімі алынып, аудандық бюджет есебінен техникалық төлқұжаттары және тұрғындардың жеке қаражаты есебінен жер актілері даярланып, кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында тіркеуден өтті. Аталған көп пәтерлі тұрғын үйлер «Мұрагер» пәтер иелерінің кооперативі құрамына енгізілді.
Бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 46,064 млн.теңгеге 2 үйдің (А.Байтұрсынов көшесі №17, 17А) жобалық-сметалық құжаттамалары даярланып, мемлекеттік сараптамадан өтті.
Қосымша барлығы 10,9 млн.теңгеге 2 үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары (А.Иманов көшесі 65, 67) мемлекеттік сараптаманың қарауына тапсырылып, оң қорытындысы алынды. 1 үйдің (Ш.Уәлиханов көшесі №21) 19,5 млн.теңгеге ЖСҚ-сы «Казақэнергосараптама» АҚ-нан қорытындысы алынып, мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Қалған 5 тұрғын үйлердің (Алға қаласында: Р.Айымбаев көшесі №21, А.Байтұрсынов көшесі №13, №18, Бестамақ ауылында: Есет-батыр көшесі №74, Бөгенбай көшесі №62 үйлер) 79,5 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттамаларын даярлау жұмыстары аяқталуда.
«Алға-Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құру жұмыстары аяқталып, оператор ретінде бағдарламаға қатыстыру мақсатында Әділет басқармасында тіркеуден өтті. Мамандандырылған уәкілетті ұйым ретінде құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алу үшін, «Ақтөбе облысы бойынша лицензиялау және мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау департаменті» ММ-не тиісті құжаттар тапсырылып, лицензия алынды.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы» аясында атқарылып жатқан жұмыстарды халық арасында насихаттау мақсатында, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің басылымдарында 3 мәрте мақала жарияланып, Алға қаласы, А.Байтұрсынов көшесінің бойында баннер орнатылды.