«Үздік ауыл әкімі»

«Үздік ауыл әкімі»
республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша
әдістемелік ұсынымдар
I. Жалпы ережелер
1. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға бағытталуы қажеттігін атап өтті.
Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақытылы шешім қабылдайбілуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады.
Жергілікті деңгейде Әкім мемлекеттік саясатты жүргізуші және оның іс-әрекеті бойыншахалықтыңбойында жалпы саяси жүйенің мемлекеттік басқарудың тиімділігіне деген көзқарасын қалыптастырады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсы (бұдан әрі– Конкурс) өткізіледі.
1) Конкурстың мақсаты -жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген,ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;
2) Конкурстың міндеттері:
ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.
2.Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – өңірлік деңгей (облыстық деңгей) өңірлік конкурстық комиссиялар өткізеді және ондаКонкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталып, олар екінші кезеңге қатысуға ұсынылады;
2) II кезең – республикалық деңгейді республикалық конкурстық комиссия өткізеді, ондаКонкурстың жеңімпаздары анықталады.
3. Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың бірінші кезеңінде Өңірлік конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия)құрылады,құрамынҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиісті облыстық әкімдіктің(бұдан әрі – Әкімдік)келісуі бойынша бекітеді.
Өңірлік комиссия Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жанында құрылады және9 адамнан және хатшыдан тұрады.
Өңірлік комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасынан, тәуелсіз сарапшыларжәне өзге де тұлғалардан құрылады. Өңірлік комиссияның төрағасы Департаменттің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады.
Конкурстықкомиссияның төрағасы конкурстықкомиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Өңірлік комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Әрбір үміткер бойынша шешім Өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағында қойған баллдарды есептеу арқылы және қатысушының рейтнгісінқұрастыру арқылы қабылданады.
Отырыс қорытындысы Өңірлік комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеудітиісті Департаменттің және Әкімдіктің қызметкерлері жүзеге асырады.
4. Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) анықтайды.
Республикалық комиссия 9 адамнан және Агенттіктің қызметкері болып табылатын хатшыдан тұрады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары (өкілдері)және өзге тұлғалар кіре алады.
Республикалық комиссия қызметініңұйымдастырылуын сүйемелдеуді Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.
Республикалық комиссияның төрағасы Агенттік төрағасының орынбасары болып табылды.
Республикалық конкурстық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясының шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздары Республикалық комиссияның шешімі бойынша анықталады.
Комиссия шешімі комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
5. Конкурс комиссиясының хатшысы конкурстық комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) конкурстықкомиссияның отырыстарын ұйымдастырады;
3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазына материалдарды қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпарат береді.
II. Конкурстыңқатысушылары
6. Мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне конкурсқа қатысуға жол беріледі.
7. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсынуды жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері,жергілікті қоғамдық ұйымдар, әкімдердің өздеріжүзеге асыруы мүмкін.
III. Конкурсты дайындау және өткізу тәртібі
8. Конкурс Агенттіктің, Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында,сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде оны өткізу басталғаны туралы хабарландыруды орналастырудан басталады.
9. Агенттіктің, Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында конкурс туралы хабарландыру (хабарландыру 2020 жылғы 30 мамырдан кешіктірілмей орналастырылады) орналастырылған күннен бастап үш апталық мерзімдебастамашылар және өзін-өзі ұсынушылар Өңірлік комиссияға ауыл әкімдерінің келесі құжаттары мен материалдарын жолдайды:
1) осы Әдістемелік ұсынымдарға №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) қызметтік тізім(кадр қызметімен расталған);
4) конкурс қатысушысының сауалнамасы(осы Әдістемелік ұсынымдарға №2 қосымшаға сәйкес);
5) 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестиция көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыстылық деңгейі және т.б.);
6) ауылдық аумақты дамыту бойынша таныстыру түріндегі (слайдтармен) жобалық жұмыс,ұзақтығы 5 минуттан аспайтынбейнеролик(ауылды, жұмыс орнын, отбасын, қызығушылығын, хобби және т.б.көрсете отырып).
Жобалық жұмыс ауылдың тұрақтылығын арттыру бойынша, экономикалық және әлеуметтік әсері күтілетін ұсыныстардан тұруы тиіс. Ұсыныстар нақты, дәйекті және іске асырылатын болуы қажет.
10. Өңірлік комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішіндеұсынылған материалдардытолтырудың дұрыстылығына, осы Әдістемелік ұсынымдармен айқындалған критерийлерге сәйкестігіне және ұсынылған құжаттардың толықтылығына тексеру жүргізеді.
11. Үміткерлер:
1) осы Әдістемелік ұсынымдардың 6 - тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;
2) осы Әдістемелік ұсынымдардың 8 - тармағында көрсетілген құжаттарды толық еместүрде немесе құжаттарды қабылдауды аяқтаудың белгіленген мерзімі өткеннен соң конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
12. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді анықтау үшін Өңірлік конкурстық комиссияконкурсқа қатысушылардың сауалнамаларын бағалау (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 3 қосымшаға сәйкес критерийлерді ескере отырып) және баллдық жүйе бойынша жобалық жұмыстарын алдын ала бағалау (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 4 қосымшаға сәйкес) арқылы іріктеу рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады.
Бір ауданнан ең көп балл жинаған3-тен көп емес ауыл әкімдеріконкурсқа қатысу үшін үміткер ретінде айқындалады. Өңірлік комиссия қабылданған шешім туралы үміткерлерді хабардар етеді.
Егер үміткерлер бірдей ұпай сандарын жинаған жағдайда басымдылық күрделі жобаларды іске асырған,мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген,халыққа барынша «ашық», оған қатысты азаматтардан дәйекті арыз-шағымдар түспеген немес ең аз түскен әкімдерге беріледі.
13. Бірінші кезеңдегі іріктеу 2020 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей жүргізіледі.
14. Іріктеуден өткен қатысушыларӨңірлік комиссиялардан жеке әңгімелесуден өтеді (2020 жылғы 30 шілдеден кешіктірілмей).
Сонымен қатар, үміткерлер әңгімелесу алдында келесі бағалау рәсімдерінен өтеді:
1) үміткерлердің мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасы;
2) әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы бойынша қызметін бағалау (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.), осы бағытта қандай жетістіктерге жеткені, азаматтардың мәселелері шешілуде ме және т.б.;
3) жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру (Осы Әдістемелік ұсынымдарға № 5 қосымшаға сәйкесәлеуметтік сауалнама немесе онлайн дауыс беру сұрақтары облыстық Әкімшіліктің ресми сайтында жариялануы тиіс);
4) «Үздік ауылы әкімі» атағына мен неге лайықпын» деген тақырыпта көлемі 3 беттен аспайтын эссе жазу. Эссе осы Әдістемелік ұсынымдарға №6 қосымшаға сәйкес критерийлерді ескере отырып балдық жүйе бойынша бағаланады.
15. Өңірлік комиссия әңгімелесу кезінде үміткерлердің сауалнамалық деректерін, эссе тақырыбының ашылуын, жеке жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтілігін, мемлекеттік наградалары менжариялымдарының, ғылыми атағы мен дәрежесініңбар-жоқтығын, спорттық және қоғамдық қызметін, мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау бойынша сауалнаманың, елді мекен тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнама мен онлайн дауыс берудіңқорытындысынназарға алады.
16. Өңірлік комиссия жеке әңгімелесу қорытындысы бойыншаәр облыстан бір үміткерден 2020 жылғы30шілдеден кешіктірмей, екінші кезеңге жіберілгенкандидатты анықтайды.
17. Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің тізімі Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында жарияланады.
18. Үміткерлердің конкурстың бірінші кезеңінде ұсынған құжаттары мен материалдары, сондай-ақ Өңірлік комиссияның шешімі 2020 жылғы 15тамызда сағат 18.30-дан кешіктірілмей Агенттіккежолданады.
19. Республикалық комиссия үміткерлермен 2020 жылғы 20 қыркүйектен кешіктірмей әңгімелесу өткізеді, олауылдық округті дамыту, 5 000 000 теңгеден аспайтын бюджеті бар ауылдық елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешу бойынша дербес жобалық жұмысын қорғауды білдіреді.
Республикалық конкурстық комиссияның алдында жеке жобалық жұмысты қорғау бетпе-бет (келу арқылы) немесе бейнебайланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Сонымен қатар, баяндамаға 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ұсынып отырған жобаның мәні мен мақсатын, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді, жүзеге асыру кезеңдерін және күтілетін нәтижесін ашып көрсету қажет.
Бағалау критерийлері – бұл жобаны таныстыру түрінің ерекшелігі мен бірегейлігі, материалдың мазмұндылығы, қисындылғымен дәлелділігі, сұрақтарға нақты жауап беруі, дайындалған көрнекі материалдардың сапасы мен шешендік шеберлігі.
20. Әрбір үміткер бойынша шешім Республикалық комиссия мүшелерінің осы Әдістемелік нұсқаулықтарға № 7 қосымшаға сәйкес бағалау парақтарына қойған баллдарды есептеу арқылы, сондай-ақ іріктеудің бірінші кезеңінің көрсеткіштерін ескере отырыпқабылданады.
ІV. Конкурстың қорытындысын шығару
21. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Республикалық комиссия Конкурстың нәтижесі туралы шешім қабылдап, оның үш жеңімпазын анықтайды.
22. Жеңімпаздар «Қазақстан Республикасының үздік ауыл әкімі» дипломымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.
23. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы ақпараттандыруды Агенттік жүзеге асырады.
24. Конкурстың қорытынды кезеңін өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Агенттік пен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырады.
25. Облыстардың әкімдіктері республикалық конкурс жеңімпаздарының жобаларын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен немесе демеушілердің есебінен қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастырады.
26. Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді ӘкімдіктерАқпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдау көрсетуімен қамтамасыз етеді.