Бюджеттің кіріс бөлігі

2020 ЖЫЛҒА САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША
Алға ауданының 2020 жылға салық базасын ұлғайту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар бойынша 2020 жылдың жылдық жоспары 63 600,0 мың теңге болып бекітіліп, аталған жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. 2020 жылдың 6 айына жоспар 29 443,0 мың теңге болса, оның орындалуы 32 807,9 мың теңгені құрап немесе 111,4 пайызға орындалды.
Шаралар жоспарында 6 ай бойынша белгіленген көлік салығы 2400,0 мың теңге болса, түскен түсімдер 2487,1 мың теңге немесе 103,6 пайыз құрап отыр. Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша жоспар 15 705,0 мың теңге болса, 13 916,2 мың теңге есептеліп төленіп, 88,6 пайызды құрап отыр.
Ағымдағы жылдың 7 айына жоспар 35 052,5 мың болса, орындалуы 35 754,0 мың немесе 102 пайыз күтілсе, жылдық жоспар 63 600,0 мың теңгені 64 200 немесе 101 пайызға орындалу күтілуде.
2019 ЖЫЛДАҒЫ САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША
Алға ауданының 2019 жылға салық базасын ұлғайту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың 2019 жылдың жылдық жоспары 77 000,0 мың теңге болып бекітілген болса, барлығы 84 064,3 мың теңге қаражат төленіп немесе жоспар 109,2 пайызға орындалды.
Оның ішінде, белгіленген көлік салығы 12 840,0 мың теңге болса, түскен түсімдер 13 566,9 мың теңге немесе 105,7 пайыз құрады.
Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша жоспар 24 960,0,0 мың теңге болса, 33 004,8 мың теңге есептеліп төленіп, 132,2 пайызды құрады.
Добавлено: 
07.08.2020 - 05:00
Последние изменения: 
07.08.2020 - 05:00