Балабақшаға жолдама алуға тұрған балалардың тізімі

Балабақшаға жолдама алуға тұрған балалардың тізімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес Алға ауданының білім бөлімі мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама алуға кезекте тіркелінген балалар тізімін қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру орындар санының болуымен шектеледі.
Бірінші кезекте орын алуға:
1) І және ІІ топтағы мүгедек балалар;
2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) жетім балалар;
4) көп балалы отбасылар балалары;
5) соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғалар балаларының құқығы бар.
Одан басқа, Қазақстан Республикасының «әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының мәртебесі және әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі балалар мекемелерінде тұрғылықты жері бойынша әскери қызметшілердің, соның ішінде қызметін өтеу кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткендердің балаларына кезектен тыс орын беріледі.
Кезектің жаппай жылжуы жазғы мерзімде балаларды жаңа оқу жылына жинақтаған кезде жүретінін Сізге хабарлаймыз.
Мектепке дейінгі ұйымдарды балалармен жинақтау оқу жылы аяқталғаннан және балаларды мектепке шығарғаннан соң жылына бір рет жүргізіледі.
Оқу жылы ішінде жолдама беру жаңа балабақшалар ашылған кезде іске асырылады. Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін кезекке тіркелген барлық балалар белгіленген кезектілікке сәйкес жолдама алады.
Сұрақтар туындаған азаматтар Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, 17 үй, мекен-жайындағы «Алға ауданының білім бөлімі» ММ-не сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден – 14.00-ге дейін), тел.: 43995 жолыға алады.