Алға ауданының әкімі Мавр Ерғалиұлы Абдуллин 

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Біздің ресми Интернет-ресурсқа қош келдіңіздер!
Сіздермен Алға ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында жүздескеніме қуаныштымын! Қазіргі заманға сай жоғары технологиялар ғасырында, ресми Интернет-ресурстың құрылуы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін «электронды үкімет» бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады. Сайт беттерінен аудан мен аудан қызметтері туралы қажетті ақпараттарды алумен қатар, ауданда болып жатқан әр түрлі жаңалықтармен және қалада болып жатқан оқиғалармен дер кезінде таныса аласыздар. Сіздер өздеріңіздің толғағы жеткен, бірақ шешімін таппаған мәселелер туралы сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңыз бен игі тілектеріңізді тікелей атқарушы билік органдарында қызмет ететін мамандарға электронды пошта арқылы «Әкімге сұрақ» айдарына жазуларыңызға болады. Кез келген сұрақтарыңыз, ескерту, тілектеріңіз ескерусіз қалмайды.
Өзара жемісті ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз деген сенімдемін.
Құрметпен, Алға ауданының әкімі Мавр Ерғалиұлы Абдуллин