Отчет акима

Құрметті, алғалықтар!
Өткен жыл ауданымыз үшін табысты жылдардың бірі болды.
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Президенттің Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатылды.Осыған орай, менің және басшылардың қатысуымен 6-11 қаңтар аралығында әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастырылды. Жүргізілген тікелей эфирде барлығы 311 сұрақ қойылып, оның 234-не тікелей эфирде, қалған 77 сұраққа жеке хабарлама арқылы жауап жіберілді.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында мемлекеттік органдар жұмысының азаматтармен ашық қарым-қатынас жасауға бағытталған жаңа форматы жандандырылды.
Өткен жылы менің қабылдауымда болған 159 азаматтардың сұрақтарының негізгі мазмұны төмендегідей: үй мәселесі (89), жер және ауылшаруашылық мәселесі (19), коммуналдық шаруашылық (15), жұмыс мәселесі (9) және 27 сұрақ әртүрлі мәселелер. Қабылдауда болған азаматтардың сұрақтарына заңға сәйкес түсініктеме беріліп, тиісті шаралар қабылданды.
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық шарасы аясында ауданның барлық деңгейдегі басшыларының тікелей қатысуымен өткен қабылдауда 96 азамат жеке сұрақтарымен келді. Оның ішінде, 91 мәселеге түсінік беріліп, 5 сұрақ толық қанағаттандырылды.
Өткен жылғы есептік кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген 8 мәселе бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, шаралар алынды. Бүгінгі күнге олардың:
ü 3-уі толығымен шешілді (Ақай а/о Көлтабан ауылын газдандыру; Үшқұдық а/о Жерұйық ауылындағы мектеп құрылысын аяқтау; Алға қаласы көшелерін жөндеу);
ü 5-уі орындалу үстінде (Қарақобда ауылын газдандыру; Алға-Самбай-Нұрбұлақ жолының құрылысына ЖСҚ дайындау; Маржанбұлақ ауылына 300 орындық жаңа мектеп құрылысы; Алға қаласындағы бұрынғы химия заводының орнын тазалау; Қарағаш а/о Байтұрсынов орта мектебіне автономды газ қазандығының құрылысы).
Ауданның әлеуметтік экономикалық даму индикаторларының орындалуы 13 көрсеткіштен тұратын болса, оның 11 көрсеткіші оң нәтижемен орындалды.
Слайд №5.Экономикалық өсімнің нақты көрсеткішінің бірі – бюджетке түсетін салық түсімдері. Өткен жылы аудандық бюджетке 992,0 млн.теңге кіріс түсіп (105,2%), шығыс бөлігі 8,1 млрд.теңге (99,3%) құрады.
Аудан бойынша орташа айлық жалақы 108,3 мың теңге бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,3 пайызға өскен (2018 жылы 89,3 мың теңге).
Республика көлемінде орташа айлық жалақы 181,9 мың теңге,
Облыс көлемінде 153,0 мың теңге.
Аудандық еңбекақы көлемінің облыс деңгейінен төмен болуы, өнеркәсіп саласындағы ірі мекемелердің («Акроспищепром» ЖШС, «Нитрохим» ЖШС) жабылуына байланысты және өңірдің негізгі экономикалық дамуы ауылшаруашылық саласынабағытталған. Бұл кәсіпорындардан қысқаруға ұшыраған 103 жұмыскердің, 77-сіне жәрдемақы төленіп, 3-уі жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылған.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде барлық қаржыландыру көздеріненаудан экономикасына 10,5 млрд.теңге инвестиция тартылды (134,8%).
Ауылшаруашылығы саласы.
. Аудан экономикасының басты бағыттарының бірі ауыл шаруашылығын дамыту және бұл салада өндірілетін өнімдерді толыққанды өңдеу.
Жыл ішінде аталған сала бойынша өндірілген өнім көлемі 28,6 млрд.теңге немесе нақты көлем индексі 102%.
Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолдану нәтижесінде мал басының өсімі байқалады. Бүгінгі күнге -мүйізді ірі-қара 47,5 мың басты (өсуі 113,8%), жылқы – 8,5 (112,3%), шошқа – 51,3 мың басты (100,9%), түйе - 109 басты (87,9%), қой мен ешкі – 62,2 мың бас (101,3%) құрады.
2018 жылмен салыстырғанда мал өнімдерінің өндірісі бойынша жоғарылау байқалады, 2019 жылдың 12 айында 25,2 мың тонна ет (101,3%), 24,3 мың тонна сүт (100,5%), 3,1 млн. дана жұмыртқа (100,8%) өндірілді.
Алайда, ауылшаруашылығының қарқынды дамып, мал басының көбеюіне қарамастан ауданымызда сүт өнімдерін қайта өңдеу жұмыстары әлсіз дамыған. Осыған орай аудан кәсіпкерлері осы бағытқа аса көңіл бөлу қажет деп есептеймін.
«2018-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы бойынша ауданымызға2200 бас асыл тұқымды мал сатып алу тапсырмасы беріліп, 8486 бас ірі қара сатып алынды, оның ішінде: «АкТеп» ЖШС 6867 бас герефорд, ангус, ақбас және әулиекөл тұқымды аналық малдармен бұқашықтар сатып әкелді. Әкелінген малдар ауданның якорлық шаруашылықтарына мал тұқымын асылдандыру және көбейту мақсатында таратылып берілді.
Бордақылау алаңдарына өткен жылы 1662 бас (83,5%) бас бұқашық тапсырылды. Бұл тапсырманың орындалмай қалуы «Актеп» ЖШС-де тамыз айынан бастап желтоқсан айының 25-ші жұлдызына дейін қаражаттың болмауында.
«Сыбаға» бағдарламасымен 5 шаруа қожалық 270,0 млн.теңгеге 424 бас ірі қара сатып әкелсе, 6 шаруа қожалық 94,0 млн.теңгеге 3417 бас ұсақ мүйізді малдар сатып алды.
Сонымен қатар, «Актеп» ЖШС Ресей, Иран, Қытай, Азербайжан, Өзбекстан елдеріне 3,7 мың тонна сиыр етін экспорттаса, «Реймқұл» шаруа қожалығы Ресей мемлекетіне 12,7 тонна қой етін экспортқа шығарды.
Мал шаруашылығын дамыту барысында жетістіктерге қол жеткізудің ең бірінші жолы қолдағы мал басының ветеринариялық-санитариялық қолайлығын сақтау болып табылады. Ауданда мал союға арналған 8 пункт жұмыс жасайды («Актюбинский мясной кластер» ЖШС ет өңдеу кәсіпорны, Бестамақ мал шаруашылық кешені «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС, «Көктас-Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасы, «АкТеп» ЖШС және Тоқмансай ЖШС-де «Алшағыр», Алға қаласында «Арай-М», Ақай ауылдық округіндегі «Исламбек», «Кенжемұрат» ШҚ).
Сарп ауруына қарсы тексеру жұмыстары нәтижесінде 420 бас мал анықталып, жойылды. Ауру анықталған аумағы 25,1 мың шаршы метр 125 аулаға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Өсімдік шаруашылығы.
Ауданда 87,9 мың га жерге дәнді, майлы, мал азықтық және көкөніс, бақша дақылдары егілді. (24770 тонна дәнді-дақылдар, 1700 майлы дақылдар, 8111 тонны картоп, 8654 тонна көкөніс, 5187 тонна бақша дақылдары және 176,6 мың.тонна пішен жиналды). Жалпы өсімдік шаруашылығы бойынша НКИ 102,5% құрады.
Ағымдағы жылдың егістік науқанына дайындық мақсатында өткен жылы аудан бойынша 11,5 мың га сүр (пар), 7,3 мың га сүдігер (зябь) жырту жұмыстары жүргізілді (барлығы 18,8 мың га жер өңделді).
Бүгінгі күнге су қоймаларын пайдалану көрсеткіші өте төмен. Биылдан бастап өңір басшысы Оңдасын Сейілұлының тікелей араласуымен алдағы 3 жылда ауданымызда бірнеше су тоғандарын күрделі жөңдеуден өткізу арқылы, ел игілігіне қолданысқа беру жоспарлануда. Сол себепті, ауа райының қолайсыздығын ескеріп суармалы егістікке ден қою қажет деп есептеймін.
Ауданымызда машина-трактор паркінің құрамы 75 пайызға ескірген. Берілген тапсырмаларды негізге ала отырып, машина-трактор паркін жаңарту басты мәселелердің бірі. Осы бағытта соңғы 2 жылда жаңадан 33 трактор және 1 комбаин сатып алынды.
Ауылшаруашылық саласы бөліміне үстіміздегі жылы асыл тұқымды мал басын көбейтіп, агротехнологиялық шараларды қолдану арқылы егістік алқаптарын ұлғайту және егін түсімін көтеру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырамын.
Инвесторлар тарту арқылы сүт өңдеу бағытындағы жұмыстарды қолға алу және суармалы егістікті дамыту.
Жер қатынастары.
Ауданда тіркелген барлық жер көлемі 750,7 мың гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері - 543,2 мың га, егістік жерлер 137,2 мың га, суармалы жерлер 3,2 мың га, жайылымдық 395,2 мың га және шабындық жерлер 7,5 мың гектар.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай және бос жатқан жерлерді анықтау мақсатында өткен жылы 39 шаруашылық субъектілерінен жер телімдері қайтарылды. Нәтижесінде 27 шаруа қожалығына аукцион арқылы 26,6 мың га жер беріліп, қайта айналымға енгізілді.Аукцион қорытыңдысы бойыншажергілікті бюджетке 15,0 млн.теңге түсім түсірілді.Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында, жер көлемі 60,5 мың га құрайтын 85 шаруашылық субъектілеріне жерді мақсатты пайдаланбағаны үшін ескерту берілді.
Бүгінгі күні ауданда барлығы 466 ауылшаруашылық тауар өндірушілері тіркелген, олардың нақты жұмыс жасайтыны 287. Осы субъектілердің жұмыс жасамауы аудан экономикасының дамуына кері әсерін тигізуде.
Жер қатынастары бөлімінезаң талаптарына сәйкес мақсатты пайдаланылмай тұрған ауылшаруашылық жерлерін түгендеу жұмыстарын жалғастыруды және мемлекет қорына қайтару арқылы қайта айналымға енгізуді тапсырамын.
Тұрғын үй құрылысы.
Аудандағы өзекті мәселелердің бірі - баспана мәселесі. Тұрғын үйқұрылысына жер алуға кезекте13679 азамат тіркелген. Алға қаласы және ауылдық округтердің бас жоспарларына сәйкес өткен жылы 410 жер телімі бөлінді. Соңғы 3 жылда барлығы- 1966 жер телімі табысталып, тексеру жұмыстарының қорытыңдысы бойынша 1898жер телімінде тұрғын үй құрылыс жұмыстары басталмағаны анықталды. Ағымдағы жылы жер телімдерін мақсатты пайдаланбаған азаматтарға заң талаптарына сәйкес шара қолданылатын болады. Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлу инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жүргізілуіне байланысты бөлінеді.
Өткен жылы33,5 мың ш.м. тұрғын үй салынды. Тұрғын үйге мұқтаж 127 азамат есепке алынып, кезектегі азаматтардың саны 1522 адамды құрады. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында Алға қаласында 5-қабатты 60-пәтерлік үйдің (3-корпус) құрылысына бюджеттен 509,0 млн.теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың ақпан айында қолданысқа берілуі жоспарлануда. Сонымен қатар, биылғы жылы 5-қабатты 60-пәтерлік үйдың (4-корпус) құрылысына бюджеттен 446,8 млн теңге болінді. Үйлердің құрылысы кезең-кезеңімен қаражат бөлінуіне қарай жүргізіліп келеді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталығынан аз қамтылған көп балалы отбасыларына республикалық бюджеттен 22,0 млн. теңгеге бес пәтер сатып алынып, табысталды.
Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне бюджет және жеке тұлғалар қаражаты есебінен тұрғын үй құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізуді тапсырамын.
Бөлшек сауда айналымы 3,1 млрд.теңгеге жетті, немесе 101,9 пайыз құрайды.
Қазақстан Республикасынын Президентінің тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнесті қолдау мақсатындакәсіпкерлерүш жылға дейінсалынатын салықтанжәне тексерістен босатылды.
Шағын және орта бизнес аудан экономикасын дамытудың және әлеуметтік проблемаларды шешудің басты тетігі. Сондықтан атаулы саланың серпінділігі кәсіпкерліктің даму тенденциясының оң үрдісін сипаттайды.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірген өнім көлемі 28,9 млрд. теңге құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 135,1 пайыз (2018 ж- 21,5 млрд.тг).
Кәсіпкерлік салада жұмыс істейтін адамдар саны, ауданның экономикалық белсенді халықтың 21 пайыз құрап отыр (19262) немесе 4000-ға жуық адам жұмыспен қамтылды,өткен жылмен салыстырғанда өсім 104,5 пайыз (2018ж-3827) немесе 172 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмысшылар санының негізгі бөлігін қызмет көрсету және басқа түрлер бойынша -32 %, ауылшаруашылық саласында- 30 %, саудада – 21 %, құрылыста – 10%, өнеркәсіпте- 7% құрайды.
Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салық көлемі 156,0 млн.теңгені құрап, жалпы салық түсімінің 16 пайыз құрап отыр (аудан кірісі 992,0 млн.тг).
Кәсіпкерлік субъектілерден түсетін салық түсімінің төмендеуі аудандағы ірі кәсіпорындардың жұмысын тоқтауына байланысты: оның ішінде «АкРоссПищепром» ЖШС акциз салығы – 1,2 млрд.теңге.
Шағын және орта бизнес субъектілер саны 2024 бірлік,өткен жылмен салыстырғанда 104,9 % немесе 95 субъектіге артып отыр. Белсенді кәсіпкерлер саны бір жылда 140 субъектіге артып 1931 бірлікті құрады. Әрекетсіз кәсіпкерлер өткен жылмен салыстырғанда 45 бірлікке азайып, 93 бірлікті құрады(10 – ШҚ, 43 – ЖК, 40 -ЖШС). Ағымдағы жылы әрекетсіз кәсіпкерлермен мемлекеттік бағдарламаларды қолдана отырып,өз ісін жандандыру немесе сұранысқа ие бағытқа ауыстыру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Бизнесті мемлекет тарапынан қолдау тетіктерінің бірі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында құны 1,0 млрд.теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде:
- Субсидиялау бағыты бойынша 44,7 млн.теңгеге 3 жоба(«КөкАрал» ЖШС (Қалыбаев Балтабек) – техника сатып алу 22,8 млн.теңге (Бестамақ), «Пять А» ЖШС (Жакешова Аякөз) – дәріхана ашу 3,0 млн.тг (Маржанбұлақ). ЖК Джанасаев Азамат 18,9 млн.теңге).
- қайтарымсыз грант негізінде2,9 млн.теңгеге 2 жоба(ЖК Курбангалиев Рунис (бал арасымен емдеу жобасы) 1,9 млн.тг (Ақай), ЖК Сүлейменова Гүлшат (дамуында ақауы бар балаларға киім тоқу) 1,0 млн.тг (Бестамақ).
- жетіспейтін инфрақұрылым өткізуге 971,0 млн.теңгеге 3 жоба(«АкТеп» ЖШС-нің суармалы жерлерді игеру жобасына жалпы 1000 га жерге су және электр желісін өткізу 862,0 млн.тг., «Табын» ш/қ-ның кемпингіне (Киржанов Жеңіс) 109,0 млн.теңгеге электр желісін өткізу (Қарақұдық).
- ішінара кепілдендіру мақсатында 9,7 млн.теңге 2 жоба (ЖК Джанасаев Азамат – 9,4 млн.тг., «Пять А» ЖШС (Жакешова Аякөз) – 300,0 мың.тг кепілдік алды).
Бизнесті қолдаудың тағы бір қосымша тетігі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. Оның негізгі мақсаты –қол жетімді заттарды өзімізде өндіруді арттыру. Бұл бағытта мемлекет тарапынан 600,0 млрд теңге қаржы бөлініп, орасан зор қолдау көрсетілді.
Бағдарлама аясында жоспарланған 34 жобадан, 2,0 млрд теңгеге 2 жоба жүзеге асырылды. - «Актеп» ЖШС 2,0 млрд.теңгеге 12000 бас ірі қара сатып алынды;
- ЖК Бидусова Айнагүл, Үшқұдық ауылында бала бақша құрылысы - 12,0млн.тг.
Осы бағдарлама аясында атқарылуға тиіс жобалардың ішінде 2 жобаның құжаттары банктерге тапсырылып, қаралуда.Агро несиелеу корпорациясында жобаларды қаржыландыру мерзімі ұзақ болу салдарынан , «Ұлан» ЖШС құс фабрикасының 400,0 млн.теңге жобасының қаралу мерзімі ұзартылып отыр. Осындай жағдай Халық банкінде «РокосАгро» ЖШС құс фабрикасын салу жобасы бойынша да орын алып отыр.
Сонымен қатар, бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп, құжаттар жинақтап жатқан кәсіпкерлер саны – 6, жобаның құны 240,0 млн.теңге.
Жоспардың тиісті деңгейде орындалмауы шағын бизнес субъектілеріне мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан басқа бағдарламалардың талаптарының қол жетімділігі, бекітілген пайыздық мөлшерлеме, құжаттарды қабылдау уақыты тиімді болуы кәсіпкерлердің «Еңбек», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша несие алуы әсер етті.
Осы бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар негізінде ағымдағы жылы 13 жоба жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның ішінде білім беру саласы бойынша – 1, құс фабрикасын салу бойынша – 2 , мал шаруашылығын дамыту бойынша – 10 жоба.
Тапсырма:
ШОБ субъектілерін мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру арқылы белсенділігін жоғарылату және бизнесті дамыту бағытындағы бағдарламаларға қатысуды жалғастыру.
Екі сала бойынша көрсеткіштердің төмен деңгейі бар:«Акросспищепром» ЖШС мен «Аққұс» құс фабрикасының жұмысын уақытша тоқтатуы салдарынан өнеркәсіп өнімініңкөлемі 12,9 млрд.теңгені құрадынемесе 95%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,9 млрд теңге құрап екі есеге дейін төмендеді.Себебі, 2018 жылы Алға қаласындағы 600 орындық мектеп пен облыстық маңызы бар Ақтөбе-Шұбарқұдық жолының құрылысы есебінен атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,9 млрд.тг-ні құраған болатын.
Инфрақұрылымды дамыту.
Экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін салаларының жиынтығы инфрақұрылым болып табылады.
Бүгінгі таңда аудандағы29 елді мекеннің 17-і көгілдір отынменқамтылған.Бұл жалпы халық санының 91,5% немесе 37,4 мың адамды құрайды.
(Алға, Бесқоспа, Бестамақ, Есет батыр, Қарабұлақ, Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Қарақұдық, Тамды, Самбай, Нұрбұлақ, Қайнар, с.Тоқмансай, ст.Тоқмансай, Үшқұдық, Ақай, Көлтабан).Оның ішінде, 2019 жылы 616,2 млн.теңгеге 2 ауыл (Ақай – 582,6 млн.тг., Көлтабан – 33,6 млн.тг.) газдандырылды.
Өткен жылы Қарақобда, Тікқайын, Көктоғай ауылдарының жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысы басталып, оған бюджеттен800,1 млн.теңгеқаражат бөлінді.Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда.Сонымен қатар, Сарықобда және Болгарка ауылдарының жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы даярланып, бюджеттік комиссияға өтінім жолданды.
Ағымдағы жылы Алға қаласының № 2 тұрғын массиві газдандырылып (140,0 млн.теңге), Аудандық ветеринариялық станциясына газ қазандығы (6,2 млн.тг.) орнатылды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында37,7 мың аудан тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылған немесе тұрғындарға шаққанда 92,5%.
(17 елді мекен:Алға, Ақай, Бесқоспа, Бестамақ, Есет батыр, Қарабұлақ, Қарақобда, Маржанбұлақ, Тамды, Самбай, Қайнар, ст.Тоқмансай, Амангелді, Үшкұдық, Сарықобда, Болгарка, Қарақұдық).
«Подхоз» тұрғын массивін және Нұрбұлақ, Жерұйық ауылдарын сумен жабдықтауға ЖСҚ дайындалып, энергетика басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.Тоқмансай ауылын сумен жабдықтауға ЖСҚ дайындау жұмыстары ауылдағы су асты қорларының жетіспеуіне байланысты 2020 жылға ауыстырылды.
Сонымен қатар, елді-мекендерді жарықтандыру мақсатында аудан орталығының 4 көшесіне 12,8 км электр желілері жүргізілді. Жүмсалған қаражат – 43,2 млн.теңге.
(Алға қаласындағы Есет батыр көшесі мен Байтұрсынов көшелерінің сыртқы жарықтандыруын қайта жаңарту – 25,3 млн.тг. (2,275 км, 39 дана); Алға қаласы, аркадан аркаға дейін автомобиль жолын жарықтандыру – 17,9 млн.тг. (10,480 км, 195 дана).
4-ші деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен селолық округтар бойынша жарықтандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асады.
Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне және ауылдық округ әкімдеріне елді-мекендерді жарықтандыру жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырамын.
Сонымен қатар, аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдерінің басшыларына: үстіміздегі жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында суармалы егіншілікпен айналысатын шаруа қожалықтарына электр желілерін өткізу жұмыстарын жүргізуді тапсырамын.
Автомобиль жолдары.
Тұрғындар арасында жиі көтерілетін мәселелердің бірі – аудандық маңызы бар жолдардың жағдайы және оларды күту. Жолдардың күтіміне өткен жылы аудандық бюджеттен– 30,0 млн.теңге бөлініп, 3 мердігермен 2020 жылға дейін келісім-шарт рәсімделді.
Оның ішінде:
- Бесқоспа, Тоқмансай ауылдық округтері бағыты бойынша - «ДСС Транс» ЖШС (ағымдағы жылы тиісті деңгейде жұмыстарын орындмаған үшін мердігермен шарт бұзылып, «Рамазан» ЖК шарт рәсімделуде);
- Бестамақ, Тамды, Қарабұлақ ауылдық округтері бағыты - «Мастер Металл Пласт» ЖШС;
- Ақай, Қарағаш, Қарақобда, Қарақұдық, Маржанбұлақ, Үшқұдық, Сарықобда ауылдық округтері бағыты - «ДЭУ-2010» ЖШС.
Ауыларалық жолдардың құрылысы, қайта жаңғыртылуы, орташа және күрделі жөндеуіне 20 жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 96,4 км жолдың құрылысынақаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданды.
Алайда, жол құрылысы қазіргі уақытта ауқымды қаражатты қажет ететін болғандықтан, биыл аудандық бюджет есебінен Самбай, Нұрбұлақ, Көктоғай, Тікқайың, Ақай ауылдарының жолдарын ағымдағы жөндеу жүргізу үшін (киркование) құжаттамалар дайындауға 5,0 млн.теңге бөлінді.
Өткен жылыАлға қаласының 10 көшесініңжол құрылысына 387,3 млн.теңге бөлініп, асфальт жабындысы төселді.
(Степная, Рабочая, Трудовая, Муратбаева, Ауезова, Атаниязова Гоголь, Садовая, Казахская, Химик).
Ағымдағы жылы облыс әкімінің қолдауымен бұл жұмыстар жалғасын тауып,Алға қаласының 5 көшесі және ауылдық округтердің орталық көшелерінің құрылысы жүзеге асатын болады.
- Алға қаласының Уәлиханов, Транспортная, Жангельдин, Горький, Айымбаев, 4 ш.а. 8 үй суағарларын қайта құруды бастау – 38,4 млн.тг;
- Тамды ауылының Молдағұлова, Есет батыр, Кереев, Жұбанов көшелерінің құрылысына – 66,2 млн.тг;
- Бестамақ ауылының Әубәкір, Мәмбетов көшелерін күрделі жөндеуді бастауға – 39,0 млн.теңге;
- Алға қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын орнатуға – 5,0 млн.теңге;
- Алға қаласының 5 көшесін жөндеуге (Желтоқсан, Наурыз, Транспортная, Пионерская, Чапаев) – 55,4 млн.теңге.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында биылғы жылға Маржанбұлақ ауылының 2 көшесінің қайта құрылысын бастау
(А.Құнанбаев, Өрлеу) – 221,5 млн.теңге.
Тапсырма: Аудандық автомобиль жолдары бөлімінежол жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізілуін және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуді тапсырамын.
Жұмыспен қамту.
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылды.
Жыл қорытындысы бойынша 2601 адам белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылып, оның ішінде 767 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 1,9%.
· Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:
Қысқа мерзімді кәсіби оқуғаеңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға (аспазшы, тігінші, электрик, газдәнекерлеуші, шаштараз, маникюр, тракторист) 199 жұмыссыз жолданып, 182 адам курстарын аяқтады(жоспар 180). Оның 144-і(79%) тұрақты жұмысқа орналастырылды. (Қалғаны 38 адам.)
· Бағдарламаның екінші бағыты бойынша:
Осы бағдарлама шеңберінде өз бизнесін ашуға 88 адам 432,2 млн.теңге көлемінде шағын несие алды
(мал шаруашылығы-57, құс шаруашылығы-3, тігін цехы-1,жиҺаз цех-1, көлік қызметі-7, жылыжай-1, егін жай-3, әсемдік салоны-1, наубайхана-1, ойын алаңы-1).
«Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіпкерліктің негіздерін оқыту мақсатында (1 айлық курс)80 адам, «Бастау Бизнес» жобасының кәсіпкерлік негіздеріне 251 адам оқытуға жіберіліп осы жобалар аясында 12 адам 100 АЕК көлемінде грант алса, 58 адам 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант иелері атанды.
· Бағдарламаның үшінші бағытының мақсаты:
Жұмыспен қамту арқылы еңбек нарығын дамыту:
- Бұл бағытта әлеуметтік жұмыс орындарына 82 жұмыссыз жолданып, 36 адам аяқтап, оның 33-і (92%) тұрақты жұмысқа орналасты.
- Осы бағдарлама бойынша 6 айлық жастар тәжірибесіне 128 түлек жолданып,оның 49-ы аяқтады, жұмысқа орналастырылғаны-26 түлек. Қалған 22 түлекті жұмысқа орналастыру шаралары жүруде.
(3 уақытша жұмысқа орналастырылды, 1 басқа облысқа көшіп кетті, 2 грант алып өз кәсіптерін ашты, 1 әскерге кетті, 2 декретте, 6 адам мерзімінен бұрын денсаулығына байланысты шығып кетті).
- Бағдарлама аясында ақылы қоғамдық жұмысқа444 жұмыссызжолданды.
Студенттерден құрылған «Жасыл ел» жасағына 135 адам қамтылып, «Гулдене бер, туған ел!» акциясы аясында аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылды.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 жобаға 46 адам бағытталды.
- мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмысқа 1250 адам қамтамасыз етілді.
2017-2019 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2129 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 329 адам жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда тіркелген жұмыссыздар саны – 348.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
Алға ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны құрамында 7107 адамы бар 1571 отбасы құрайды.
Оның ішінде шартты АӘК 1395 отбасы 6443 адам, шартсыз АӘК 176 отбасы 664 адам.Құрамында 861 адамы бар 165 отбасына АӘК тоқтатылды.
Аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін мемлекет тарапынан бүгінгі таңға 857,2 млн теңге бөлініп,толығымен игерілді.
(РБ 409,1млн. тг, нацфонд 346,8 млн.тг, ОБ 76,3 млн. тг, аудандық бюд. 24,9 млн. тг).
Биылғы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау шартына сәйкес жұмысқа қабілетті адам жұмыспен қамтылу қажет немесе мемлекет тарапынан өз ісін ашуға қолдау көрсетілетін болады.
Білім саласы.
Сапалы білім қашанда кез келген мемлекеттің дамуына негізі болып табылады. Аймақта апатты жағдайдағы мектептер тіркелмеген және оқушылар тығыздылығы көп ауылдарда жаңа мектеп ғимараттарын салуға және қазіргі заман талабына сай жабдықтауға үлкен көңіл бөлінуде.
Ауданның білім саласына көз жүгіртсек жалпы білім беретін 17 орта, 10 негізгі, 2 бастауыш мектеп бар. Ондағы оқушылар саны - 7736.
Өткен жылы мектеп бітірген 315 түлектің 260-ы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, оның ішінде 23 түлек «Алтын белгіге», 16 түлек «Үздік аттестатқа» ие болды. (Аудан бойынша ҰБТ орташа балл – 76).
Мектепке дейінгі білім беретін 33 мекемеде 2457 бала тәрбиеленеді. Оның ішінде 18 бала бақша, 15 шағын орталық жұмыс жасайды. Бүгінгі күні балабақша кезегінде 0-2 жас аралығында 1123 бала тіркелген, оның ішінде қалада – 742 бала, ауылдарда - 381(362 бала).3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100 пайызды құрайды.
2018 жылдан бастап ауданның барлық балабақшаларында балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беру электронды форматқа ауыстырылды.
Сонымен қатар, ауданда 3360 бала мен жасөспірімдерді қамтитын Алға балалар өнер мектебі және "Жастық жігер" аула клубы қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді.
(Алға балалар өнер мектебі фортепиано, баян+аккордеон, домбыра, хореография, вокал бағыттары бойынша; «Жастық жігер» аула клубы технология, авто, қолөнер, гуманитарлық бағыттар бойынша жұмыс жасап келеді) Алға балалар өнер мектебінде 470, «Жастық жігер» аула клубында 2890 бала білім алуда (Өнер мектебінің Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында, Бестамақ орта мектебінде, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде; «Жастық жігер» аула клубының Тамды орта мектебінде, Бесқоспа орта мектебінде, Бестамақ орта мектебінде, Маржанбұлақ орта мектебінде, Нұрбұлақ орта метебінде филиалдары жұмыс жасауда).
(Жыл бойы қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық шығармашылық байқауларда жақсы нәтижелер көрсетуде.
2019 жылы оқушылардың жазғы демалысымен жалпы 1 - 10 класс аралығында 6913 оқушы, яғни 95 пайызы қамтылды. Осы оқушыларға аудандық бюджеттен-2,7 млн.теңге, демеуші есебінен-5,0 млн.теңге қаражат жұмсалды. Аудан бойынша 29 мектеп жанындағы алаңдарда - 3614, Алға мектеп-гимназиясының жанындағы «Ақ шағала» аудандық лагерінде жетім және аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 50 бала, 2 қосымша білім беру ұйымдарында 600, еңбек лагерінде 2153, «Ақ көгершін»аудандық шатырлы лагерінде - 400 бала демалды. Ауданымыздың киелі жерлері: К.Әбубәкір, Есет батыр кесенелері мен Әлия музейіне барлығы-425 бала экскурсияға барды).
Ағымдағы жылы Жерұйық ауылында облыстық бюджеттен бөлінген168,0 млн.теңгеге 60 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Жаңартылған білім мазмұнына көшетін 4,9,10-класс оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 61 млн. теңге және 9 млн. теңге 1-11 класс аралығындағы жетіспейтін оқулықтар сатып алынды.
Өткен жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға 37,0 млн.теңге бөлініп, бейнебақылау камералары (8,4 млн.теңге - №1 Алға МБ, №2 В.Пацаев ат. Алға ОМ, №3 Алға қазақ ОМ, №4 Алға ОМ, Алға мектеп-гимназия, Есет батыр ат. мектеп-бақшасы), алғашқы әскери дайындық сабағының құрал-жабдықтары (4,3 млн.теңге), алынды және 16 мектеп кең жолақты Интернет желісіне қосылды (24,3 млн.теңге).
Сондай-ақ, "Жастық жігер" аула клубына күрделі жөндеу (22,6 млн.теңге) және №4 Алға орта мектептің су,жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу (14,2 млн.теңге) жүргізілді.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарла­масының үздіксіз жүзеге асырылып келе жатқанына биыл 10 жылға жуықтады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында жариялаған Жолда­уында бағдарламаға бөлінетін қаражатты 20 млрд теңгеге ұлғайтуды тапсырды.
Сәйкесінше өткен жылдың шілде айынан бастап жас мамандарға берілетін көтерме жәрдемақы 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке көбейтіліп, 252 мың теңгені құрады.
Бұл бағдарлама бойынша өткен жылы 35 жас маманға 6,5 млн.теңге көтерме жәрдемақы және 31 маманға үй сатып алу үшін 112,0 млн.теңге жеңілдетілген несие берілді.
Бағдарламамен белгіленген шарттары мен талаптарын орындаған әрбір жас маманға бұл жобаның берері мол. Біржолғы көтерме жәрдемақымен қоса, тұрғын үй сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 15 жылға 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. 0,01 пайыздық сыйақы - максималды сомаға 15 жылда бары 10 мың теңгеге дейін үстеме ақы төленеді деген сөз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап кезең кезеңімен мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға дейін өсіру жоспарлануда.
Өкінішке орай, бұл саланың жетістіктерімен қатар теріс көрсеткіштері де орын алып отыр. Себебі, есепті жылы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың 5 фактісі тіркелген (оның ішінде 4-уі ұрлық, 1-уі кісі өлтіру). Осыған байланысты ұстаздар балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына аса көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, оқушыларға тәрбиелік жұмыстарды күшейту қажет.
Ағымдағы жылға қойылған жоспар:
- Ақай ауылының орта мектебіне автономды газ қазандығының құрылысы;
- Қарақобда, Көктоғай, Тікқайың мектептерне автономды газ қазандықтарына ЖСҚ дайындау;
- Бестамақ ауылында 50 орындық жеке меншік бала-бақша ашу.
Аудандық білім бөліміне, Алға индустриалдық колледж басшысынаата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық көрсеткіштерін төмендетуді қолға алуды тапсырамын.Сонымен қатар, сұранысқа сәйкес жеке-меншік бала-бақша ашу жұмыстарын жандандыружәне сала бойынша құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізілуін тапсырамын.
Денсаулықсақтау.
Халықтың денсаулығы қоғам дамуының басты құрамы және әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының кепілі болып табылады.Алға ауданында тәуліктік және күндізгі стационар жұмыс жасайды.Аудандық денсаулық сақтау саласында 1 емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 20 медициналық пункт тұрақты жұмыс жасайды. Барлық дәрігерлік амбулаториялар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Аудан тұрғындарына бүгінгі таңда 74 дәрігер, 262 орта медициналық қызметкер қызмет көрсетеді.
Дегенмен де, аудандық орталық ауруханада – 6-жалпы тәжірибелі дәрігер, 2-терапевт, 3-педиатр мамандықтары тапшы.
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізуде 4 бағыттағы скринингтен 8109 адамөткізіліп, нәтижесінде әр түрлі аурулармен 515 науқас анықталып, есепке алынды.
2019 жылы870 баладүниеге келген. Жалпы өлім-жітім 304 адам.
Нәресте шетінеуі бойынша 8 жағдайтіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 көрсеткішке жоғары. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ана өлімі тіркелген жоқ.
Профилактикалық мақсатта флюорографиялық тексерумен 21591 адам қамтылды немесе 98,7% (жоспар 21737), оның ішінде жылжымалы флюорографиядан – 4833 адам өтті.Нәтижесінде, туберкулез ауруымен ауыратын 14 адам анықталып, жыл ішінде бұл аурудан өлу жағдайы тіркелмеді.
Онкологиялық аурулармен ауыру деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 89-дан 81-ге азайды.
Медицинадағы басты жаңалық – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.
Ол мемлекеттің, жұмыс берушінің және әр адамның ынтымақты жауапкершілігіне негізделген.
- мемлекет экономикалық тұрғыдан белсенді емес азаматтар үшін жарна енгізетін болады;
- жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін кірістен 5%-ға дейін;
- жұмыскерлер кірістен 2%;
- және салық органдарында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өзі үшін кірісінен 7% жарна енгізеді).
Аудандық ауруханаға облыстық медициналық академия түлектерімен алдын-ала әңгімелесу жұмыстарын жүргізіп ауданға білікті жас мамандарды тарту жұмысын жүргізуді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүйелі түрде тұрғындарға насихаттауды, онкологиялық және туберкулез ауруларын скрининг арқылы дер кезінде анықтап, өлім жағдайына жол бермеуді және нәресте шетінеу деңгейін төмендетуді тапсырамын.
Мәдениет және тілдерді дамыту, Ішкі саясат.
Ауданда Мәдениет саласы бойынша барлығы 26 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді,(аудандық мәдениет үйі, қалалық есту-сөйлеу қабілеті төмен жандар клубы, 7 ауылдық мәдениет үйлері, 2 ауылдық клуб, 13 кітапхана, 1 аудандық музей және Есет батыр мемориалдық кешені)ондағы13 кітапханада жалпы кітап қоры 305,0 мың дананы құрайды. Жылішінде 155,0 мың адамның қатысуымен 850 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді.
Аудандық мәдениет ошақтары ауданның бюджетіне қарап отырмай ақылы қызмет те көрсетіп отыр. Өткен жылы мәдениет қызметкерлерінің ақылы қызмет көрсетуі арқылы 1,9 млн қаржы жиналып, осы сала шығындарын өтеуге жұмсалды.
Барлық атқарылып жатқан жұмыстар Елбасының, мемлекет басшысыныңАссамблея сессияларында берілген тапсырмаларын орындау, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында жүргізілуде.
Ауданда тұратын ұлт өкілдері арасында бейбітшілік пен өзара келісімді, конфессияаралық және ұлтаралық тұрақтылықты насихаттау, сақтау және нығайтуға бағытталған ардагерлер мен мүгедектер қоғамы, жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. Алға аудандық мүгедектер қоғамы филиалы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінде қайырымдылық көмек көрсетуді жүзеге асыруды көздейтін «Қамқорлық» жобасының үздіктер қатарына енді.
Өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, интернет желісі арқылы қажетті ақпаратты алу үшін Бестамақ және Үшқұдық, Қарахобда ауылдарының кітапханаларында «Коворкинг» орталықтары ашылды. Биылғы жылы осындай қосымша 3 коворкинг орталық ашу жоспарлануда(Есет батыр, Маржанбұлақ, Тоқмансай). Мәдениет саласын дамытуда биылғы жылы Ақай ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, Абай Құнанбаевтың 175, Әль-Фарабидің 1150, Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне 75 жыл, Алтын Орданың 750 жылдық мерей тойларын жоғары деңгейде атап өту арқылы тұрғындардың мәдениет сапасын көтеру көзделуде.
Республикалық, облыстық және аудандық деңгейде22 тарихи және мәдени ескерткіш Мемлекет қорғауына алынған.
Ауданда қоғамдық саяси жағдай тұрақты, барлық қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар (13) өз қызметтерін ҚР заңдары аясында атқаруда.
Өңірде ресми түрде тіркелген «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы Елбасымен ҚР Президентінің алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жолында қызмет жасауда (мүшелігінде 1951 адам бар).
Халықты ақпараттандыру екі тілде шығатын «Жұлдыз-Звезда» газеті және әлеуметтік желілер арқылы жүргізілуде.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында аудан бойынша 23 жоба 187,9 млн теңгеге орындалды. Оның ішінде, Бестамақ ауылындағы Ақтөбе медресе колледжінің аумағындағы «Мако Салават» спорт кешені 158 млн теңгеге аяқталса, І.Мәмбетовтың 90 жылдығына арналған ескерткіш 7,8 млн теңгеге салынды.
Өткен жылы аудан аумағында өткізілетін барлық іс-шаралар Қазақстандағы «Жастар жылына», Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жылдығына, «Нұр Отан» партиясының құрылуының 20 жылдығына, қазақтың ұлы күйші-композиторы - Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына, қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері - Ілияс Жансүгіровтың, сатирик-жазушы - Бейімбет Майлиннің және ақын, жазушы, драматург - Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдықтарына арналды. Жазушылар Одағының 85 жылдығының қарсаңында алғалық эпик ақын, журналист, аудармашы Ізтай Мәмбетовтың 90 жасқа толуына орай Алға ауданында үлкен мерекелік шара өтті.
2019 жылдың 27 шілде мен 19 қазаны аралығында «Атыңнан айналайын – Алға деген» ауылдарының күндерінің акциясы өткізілді.(2019 жылы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі негізінде өткізілген диагностикалық тестілеуге аудан бойынша 477 адам қатысты, Тілдерді дамыту және тілдік орта құрудың өзекті мәселелері бойынша 2019 жылы тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудандық деңгейде 23 іс-шара өткізілді).
2020 жылға міндеттер:
- Ақай ауылы мәдениет үйіне автономды газ қазандығының құрылысы;
- Алға қаласындағы шағын саябақты абаттандыруға – 11,0 млн.теңге бөлінді.
Мәдениет бөлімінің басшысы А.Сейдалиев мәдени іс-шараларды ұлғайту есебінен ақылы қызметтерді көбейтуді тапсырамын.
Жастар саясаты
Аудан жастарының саны 7941 жасты құрайды (оның ішінде 3966 ерлер немесе 52%, 4005 әйелдер немесе 48%). Есепті жыл ішінде ауданның Жастар ресурстық орталығы 6 мыңна астам адамды қамтыған 95 іс-шара өткізді.
Олардың бірқатары «TALAPKER -2019» аудандық жас түлектер форумы, аудандағы жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында республикалық және халықаралық деңгейдегі спикерлердің қатысуымен «Бизнеске жолдама -2019» аудандық жас кәсіпкерлер форумы, және аудан жастары мәдениетін көтеру мақсатында халықаралық форумдар мен лагерьлерге жолдамалар берілді.
Жыл басында «Жас проджект» жобасы аясында 14 жас кәсіпкер 1 миллион теңгеден грант жеңіп, осының ішінде қазірде 9 жас өз кәсіптерін жалғастырып отыр.
Сондай-ақ, Республикалық «Жаса» жобасы аясында аудан жастары 1 млн 600 мың теңге грантқа ие болып, аудан елді мекендерін көркейту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
«Жастар жылы» аясында әлеуметтік осал топ санатындағы жастармен жүргізген жұмыстардың нәтижесінде (НЕЕТ)61 жас анықталып, оның 35 жасы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Спорт саласы.
Спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын ұстану қазіргі қоғамда замануи трендке айналуда. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамту мәселесіне ерекше тоқталған болатын.
Жастарды спортқа тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауданда 127 спорт нысандар жұмыс жасайды
(оның ішінде, 2- денешынықтыру және сауықтыру спорт кешені, 32-спорт зал, 1- жүзу бассейні, жалпы білім беретін мектептерінде 25, Алға индустриялды техникалық колледжде 1 спорт зал. Сонымен қатар ауданда 84 жазықтық құрылыстар (жазғы балалар спорт алаңдары) бар, олар аудан мектептері мен округтерінде орналасқан. Футболды дамыту үшін ауданда 19 футбол алаңы және аудан орталығында 1500 орынға арналған 1 стадион. Сондай-ақ воркаутқа арналған 12 алаң бар).
Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 870 жас қамтылған, 620балада спорттық разряды бар (оның ішінде 6 СШҮ, 4 бірінші разряд, 200 екінші разряд, 410 үшінші разряд).Олармен 31 жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт мектебінде 63 топ бар, оның ішінде: 38 оқу-жаттығу тобы және 25 бастапқы дайындық тобы. Оқыту спорттың 12 түрі бойынша жүргізіледі: футбол, еркін күрес, әйелдер күресі, бокс, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, таэквандо, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ және жеңіл атлетика.
Өткен жылы аудан көлемінде 125 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 8050 адам қамтылды. Қазақстан Республикасының чемпионатында еркін күрестен жасөспірімдер арасында Серікбаев Сұлтан 3 орын, Карагулов Нұрсұлтан, Көбейсінов Нүркен 1 орын иеленді. Бүкіләлемдік ойындарында еркін күрестен Карагулов Нұрсұлтан 3 орын иеленсе, волейболдан жасөспірім қыздар арасында Ақтөбе облысы чемпионатында Алға БЖСМ командасы 1 орынға қол жеткізіп, Қазақстан Республикасы чемпионатында 2 орынға ие болды.
Бұл жерде нәтижеге жету құралы- спорт нысандарының санын көбейту. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының аясында биылғы жылға Маржанбұлақ мектебінің спорт залына ағымдағы жөндеу жүргізуге – 22,6 млн.теңге бөлінді.
Ауылдық жерлерді бұқаралық спортты дамыту және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 7 спорт нысанын салуға жобалары дайындалып, биылғы жылы 3-еуін жүзеге асыру жоспарлануда.
- Орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу;
- Болгарка ауылында кешенді спорт алаңының құрылысы;
- Қарахобда ауылында шағын футбол спорт алаңының құрылысы;
- Ақай ауылында спорттық алаң құрылысы;
- Қарақұдық ауылында спорттық алаң құрылысы;
- Есет батыр ауылында спорттық алаң құрылысы;
-Сарыхобда ауылында шағын футбол алаңының құрылысы.
Аудандық спорт бөлімінің жәнеЖастар ресурстық орталығы басшыларынабұқаралық спортты дамытуды жәнеайналысатын жастар санын арттыруды, спорттық нысандардың тиімді жұмыс жасауына ықпал етіп, қоғамдық шараларға белсене араласуын арттыруды тапсырамын.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
«5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет» бөліміне сәйкес 2019 жылы аудан бойынша 184,8 мың мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 6386 қызмет, қағаз түрінде - 7859 қызмет, электрондық түрде – 170,6 мың қызмет көрсетілді.
Жалпы өткен жыл ішінде аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 1 мерзімін бұзу фактісі орын алды (2018 жыл-3 факті) Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуші айыппұл төледі.
Ұлт Жоспарының 13 –қадамында атап көрсетілгендей, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Алға ауданында 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мақалалар, дебат сайысы, дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары, халықпен өткізілген ашық есік күндері өткізілуде.
«Алға - адалдық алаңы» жобасы аясында аудан әкімдігінде «Open Spase» («Ашық әкімдік») кабинеті ашылды және аудан орталығында «Азаматтарға арналған үкімет» жобасы жасақталып, бүгінгі таңда ол жерде құжаттарды қабылдау және халыққа көмек көрсету, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету, консультация беру т.б. бір жерде жүзеге асырылуда.
Құқықтық тәртіп.
Өткен жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында аудан көлемінде жүргізлген жұмыстар нәтижесінде тіркелген қылмыстар саны 34-ке азайып, 259 қылмыс тіркелді.(2018 жылы – 293). Оның ішінде аса ауыр қылмыс – 19(ашылуы 100%),ауырлығы орташа – 166 (ашылуы 59,3%), ауырлығы онша емес – 37 қылмыс (ашылуы 93,3%).
Аудан территориясы арқылы 2 республикалық, облыстық маңызы бар күре жолдардың өтуі негізінде басқа аудан көліктерінің соқтығысуы салдарынан 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 51 адам дене жарақатын алған, 13 адам қаза болған.
Діни ахуал.
Дін мәселелері жөніндегі облыстық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарымен 64 дәстүрлі емес дін жолында жүрген азаматтармен жеке кездесіп түсіндіру шаралары өткізілді. Нәтижесінде 3 адам дәстүрлі дінге бейімделіп, есептен шығарылды.
Дәстүрлі емес дін жолында жүрген азаматтардың саны былтырғы жылдың басында - 113 болса, бүгінгі таңда 102-ге азайып отыр. Оның ішінде 20 адам (3-уі дәстүрлі дінге өтуіне, 3 – сотталуына, 1 – қайтыс болуына, 13 -көшіп кетуіне байланысты) тізімнен алынды, миграция және іздестіру шаралары бойынша 9 адам анықталып, тізімге қосылды.
Екпеден бас тартқан балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмысын жүргізетін жұмысшы топ (құрамында: имам, теолог, иммунолог, эпидемиолог және т.б. дәрігерлер, қала, ауылдық округ әкімдері бар) екпенің маңызы жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 3 бала екпені алды және 4 бала Ақтөбе қаласына қоныс аударуына байланысты есептен шығарылды. Былтырғы жылдың басында екпеден бас тартқан балалардың саны – 103 болса, бүгінгі күні – 96-ға азайып отыр.
Құрметті, жерлестер!
Атқарылған жұмыстар аз емес дегенмен де алда атқаратын жұмыстар жетерлік.
Өткен жылы айтулы іс-шараның бірі «Жастар жылы» аясында мемлекет тарапынан аса көңіл бөлініп, қолдау көрсетілді. Аудан орталығынан жерлесіміз, ақын Ізтай Мәмбетовтың 90 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Осы аталған және де басқа да жұмыстарды Сіздермен бірігіп, ауызбіршілік пен ұйымшылдық арқасында жүзеге асты. Және әлі де үлкен жұмыстарды атқаратынымызға сенімдімін.
Назарларыңызға рахмет!
Добавлено: 
01.08.2012 - 05:00
Последние изменения: 
01.01.2018 - 05:00